Логикалық алгебраның негіздері түсініктері.

Ғылыми пән ретінде логиканың бірнеше нұсқалары дараланады: формалды логика, математикалық логика, ықтималды логика, диалектикалық логика және т.б.

Әр түрлі кестелерді жасау, қарама-кайшы түйіндерді шешу және баска да көптеген жағдайларда адамдар логиканың көмегіне жүгінеді.

Формалды логика сөйлеу тілімен білдіретін біздің кәдімгі мазмұнды пікірімізге талдау жасаумен байланысты.

Математикалық логика формалды логиканың бір бөлігі болып табылады және ол кесіп-пішіп, айқындалған объектілер мен пікірлердің ақиқаттығын немесе жалғандығын біржақты шешуге болатын дәйектемелерді ғана үйретеді.

Математикалық логика саласы, алгебралық қисын сияқты, информатикада да жақсы меңгерілген. Казіргі уақытта алгебралық қисынның негізгі операцияларына қосылмаған бір де бір программалау тілі жоқ.

Логикалық есептерде тек сандар ғана емес, тосын, тым шатасқан пікірлер де бастапқы деректер болып табылады.

Компьютерде бұл есепті шешу кезінде программада шартты қолдану жолымен логикалық операциялар пайдаланылуы қажет.