Логикалық өрнектер.

Ақпараттармен алмасу кезінде адамдармен қатынасудың формаларының бірі - бұл сұрақтар мен жауаптарды кезектестіру. Әрбір сұрақ бізді қоршайтын заттық әлем туралы білімнің қажеттігін көрсетеді. Бұл білімдерді біз пікір түрінде айтамыз. Пікір қағида бойынша бақыланатын фактілерді тікелей көрсете алады: "Күн жарқырап тұр", "Бұл тіктөртбұрыш - квадрат" және т.с.с. Бірақ пікірлер ойдан шығарылған объектілер немесе әлі болмаған жағдайлар туралы пайымдап, оларды көрсете алады: "Су перісі бұтақтарда отыр", "Бүгін жаңбыр болады" және т.с.с.

Пікірлер дегеніміз - жалған немесе ақиқат болатын кейбір пайымдаулар.

Мысалы, "ақ қар", "2*2=4" пікірлері ақиқат, ал "жер тегіс", "2*2=5" пікірлері жалған. Әдетге, біз бақылайтың фактілер ақиқатқа қабылданылады. Жалған пайымдаулар көбіне жиі талқылаулардағы немесе сөйлемдердегі қателерден немесе қалауды шыңдықтың орнына беруге ұмтылудан пайда болады.

Пікірлер жалпы және жеке болып бөлінеді. Жеке пікірлер нақты фактілерді көрсетеді, мысалы, "3+3<7", "Бүгін бұлтсыз шуақты күн болады".

Жалпы пікірлер объектілер тобының немесе оқиғаның қасиетін сипаттайды, мысалы, "Егер жаңбыр жауып өткен болса, онда көше ылғалды болады", "Кез келген квадрат параллелограмм болып табылады" және т.с.с.

Жалпы пікірлер объектілердің қандай да бөліктері үшін ақиқат және басқа объектілер үшін жалған болуы мүмкін. Мысалы, "Иттер мысықтарды жақсы көрмейді" пікірі иттердің көп саны үшін әділетті, бірақ барлықтары үшін емес. "х*у>0" пікірі х=1 және у=1 үшін ақиқат және сол кезде у ерікті кезінде х=0 үшін жалған.

Егер пікірде айтылған ой объектілердің кез келгені үшін әділетті болса, онда жалпы пікір бекем ақиқат деп аталады. Мысалы, "Итте төрт аяқ" пікірі кез келген ит үшін әділ. Бекем ақиқат пікір заттардың заңдылықтарын байланыстыруда ерекше құнды. Мысалы, "а+в=в+а" пайымдауы кез келген айғақ сан үшін әділетті және -"Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосынды өзгермейді" деген арифметиканың заңын көрсетеді.

Қиын жағдайларда сұрақтардың жауабы ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС жалғаулары арқылы құрамды пікірлермен көрсетіледі.

Құрамды пікірлердегі ЖӘНЕ жалғаушысы әрқашан бір мезгілдік ақиқатты болжайтын пікірлерді құрайды.

Құрамды пікірлердегі НЕМЕСЕ жалғаушысы екі рөлді ойнауы мүмкін. Мысалы, "Бүгін біз баққа демалуға барамыз немесе бақшада жұмыс істейміз". НЕМЕСЕ жалғаушысын "Не" бөлушісімен айырбастауға болады, "Бүгін біз не бақка демалуға барамыз, не бақшада жұмыс істейтін боламыз", өйткені бір мезгілде бақта демалуға және бақшада жұмыс істеуге мүмкін емес. Ал "Жаңбыр күндіз немесе кешке болады" деген сөйлемде үш түрлі жағдай мүмкін: "Жаңбыр күндіз болады", не "Жаңбыр кешке болады", не "Жаңбыр күндіз де, кешкеде болады". Бірінші мысалда НЕМЕСЕ жалғаушысы бөлуші рөл, ал екіншісінде біріктіруші рөл атқарады.

Барлық компьютерлік программаларда және математикалық талқылауларда НЕМЕСЕ жалғаушысы тек біріктіруші рөл атқарады. Мысалы, "х=0 немесе у=0" пайымдауыңдағы НЕМЕСЕ жалғаушысы не "у=0", не "х=0", не "х=0 және у=0" білдіреді.

Ереже. Математикада НЕМЕСЕ жалғаушысы бар құрамды пікір: егер оны құрайтындардың тіпті біреуі ғана ақиқат болса, ол ақиқат болып; егер оны құрайтындардың бәрі жалған болса, ол жалған пікір болады.

ЕМЕС жалғаушысы теріске шығаруды пішімдеу үшін қолданылады. Мысалы, "х=0" пайымдауының теріске шығаруы "х=0" пайымдауына тең "х=0 теріс" пайымдауы болады. "Бұл адам әдемі" пайымдауының теріске шығарылуы "Бұл адам әдемі емес" пайымдауына тең.

Ереже. Егер бастапқы пайымдау жалған болса, онда теріске шығару ақиқат және, керісінше, егер бастапқы пайымдау әділ болса, онда теріске шығару жалған.