Логикалық теріске шығару

Қарапайым А айтылымына ЕМЕС демеулік шылауын қосу логикалық теріске шығару операциясы деп аталады, операцияны орындағаннан кейінгі нәтиже жаңа айтылымды береді.

ЕМЕС (теріске шығару) логикалық операциясы үшін ақиқаттық кесте мына түрде болады:

А А емес
иә жоқ
жоқ иә

Мұндағы А кейбір еркін айтылымдар.

Мысалы, "Бүгін далада ыстық" айтылымы үшін "Бүгін далада ыстық емес" айтылымы теріске шығару болады.

Кей жағдайларда барлық айтылымдарға "... жалған" сөзін қолдануға болады. Сонда "Сен жақсы баға алдың" айтылымын "Сенің жақсы баға алғаның жалған" айтылымы теріске шығару болады.

Бұл операцияның ақиқаттық кестесінен, егер бастапқы А айтылымы жалған болса, онда А емес (А емес ақиқат) теріске шығаруы иә мәніне ие болатындығын көреміз. Және керісінше, егер бастапқы А айтылымы ақиқат болса, онда А емес теріске шығаруы жоқ мәніне ие болады.

Бастапқы пікір жалған болғанда, теріске шығару ақиқат.

Бастапқы пікір ақиқат болғанда, теріске шығару жалған.

Логикалық элементтер — логика алгебрасы ережелеріне сәйкес кіріс сигналдарымен қарапайым логикалық операцияларды (функцияларды) жүзеге асыратын электрондық құрылғылар. Осындай операцияларға логикалық қосу — '''дизъюнкция''' (“немесе”), көбейту — '''конъюнкция''' (“және”), терістеу — '''инвертирлеу''' (“емес”) жатады. Қарапайым Логикалық элементтердің шартты белгілері суретте көрсетілген. Ақпараттық сигналдар ретінде электр кернеуі немесе тогының дискреттік мәндері (деңгейлері) қолданылады. Мысалы:

Логикалық элементтер функционалдық белгіленуі, ақпарат беру әдісі, сұлбатех. шешімі және пайдаланылатын электрондық құралдары бойынша ажыратылады. Күрделі Логикалық элементтер қарапайым операциялар орындайтын элементтерді біріктіру арқылы жасалады. Мысалы:

Құрылымдық түрде Логикалық элементтер жекеленген (дискретті) құраушылардан немесе интегралдық сұлба шала өткізгіш,[ (ИС) түрінде гибридті, үлдірлі орындалуы мүмкін. Қазіргі дербес компьютерлерде](пленкалы), т.б. жоғары дәрежелі интеграциясы бар ИС-дағы Логикалық элементтер жүйелері қолданылады. Логикалық элементтер компьютерлердің, цифрлық автоматтардың элементтік негізін қалайды.