Ақпараттық жүйелердің заң тәжірибесіндегі рөлі мен орны.

Жедел дамып отырған ғылыми-техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялардың дамуға және оның қарқынына экономикалық жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауым-дастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді.

Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқу үрдісінде жаңа технологиялық әдістермен қондырғыларды кең көлемді қолдануды қажет етеді.

Студенттің ақпараттық технологияны пайдалану, оның кейбір элементтерінің жеке шығармашылық байланысымен сипатталады. Олардың бір-біріне деген әсерінде байқауға болады. Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде.

Қоғам өмiрiнде ақпарат ерекше маңызды рөл атқаратыны бәрiмiзге белгiлi. Адам баласы жаратылғаннан берi осылай болып келедi және бола бермекшi. Адам ақпаратты қабылдау, оны өңдеу және басқаларға тарату қызметiн әрдайым атқарып отырады. Егер ерте замандарда бұл аңшылыққа, жер өңдеуге байланысты болса, бертiн келе ауыз әдебиетi дүниеге келiп, аңыздар, ертегiлер ұрпақтан-ұрпаққа берiлетiн болды. Кейiн жазу фольклордың орнын алып, ақпарат алмасу жеңiлдедi. Адамдардың ой-өрiсi, бiлiмi дамып, ақпарат олардың танымының ажырамас бiр бөлiгiне айналды.

Өркениеттiң даму кезеңдерiнде бiрнеше ақпараттық төңкерiстер болып, адамзат жаңа белестерге көтерiлдi. Атап айтсақ, бұл жазудың, кiтап басудың (XVI ғ. ортасы), электр жарығының (XIX ғ. аяғы) және де микропроцессорлық технологияның (XX ғ. 2-шi жартысы) пайда болуына байланысты едi. Ал, микропроцессорлық технологияның арқа-сында компьютер, компьютерлiк желiлер және жүйелер жарыққа шықты.

Сол компьютер негiзiнде қазiргi заманда электрондық ақпарат, бағдарлама арқылы басқарылатын құрылғылар пайда болып көптеген үрдiстердiң жеңiлдеуiне мүмкiндiк туғызды. Осылайша негiзi ақпараттық технологиялар болып табылатын үлкен бiр сала ақпараттық индустрия қалыптасты. Қазiргi замандағы ақпараттық технологиялар компьютерлiк техника мен коммуникация құралдарына иек артады. Осы бағыттың қарыштап дамуы ақпараттық қоғам деп аталатын ұғымды тудырды.

Жапон ғалымдарының айтуынша, ақпараттық қоғамдағы компьютерлендiру үрдiсi адамға ақпараттың сенiмдi көзiне ие болуға себiн тигiзедi, өндiрiс пен әлеуметтiк салада ақпаратты өңдеудi автоматтандырып жұмыстың анағұрлым жоғары дәрежеде орындалуын қамтамасыз етедi.

Бұл қоғамда тек өндiрiс қана өзгерiп қоймай, сонымен бiрге жалпы өмiрдiң сипаты мен құндылықтар жүйесi басқадай түрге енедi. Индустриялық қоғамда тауар өндiрiлiп, ол пайдаланылса, ақпараттық қоғамда адамның ақыл-ойы мен бiлiмi басты рөл ойнайды. Осы қоғамның материалдық және технологиялық базасы болып компьютерлiк техника мен компьютерлiк желiлер, ақпараттық техно-логиялар және телекоммуникациялық байланыс негiзiндегi түрлi жүйелер қалыптасады. Сонымен қатар, өзiндiк ақпараттық инфрақұрылым түзiледi. Оның негiзiнде озық электрондық техника көмегiмен кешендi түрде ақпарат өндiрiледi, өңделедi, сақталады және пайдаланылады.

Қазiргi заманда барлық елдер саяси, экономикалық, әлеуметтiк және т.б. үрдiстердi дамытып әрi жеңiлдету үшiн жаңа технологияларды қолдана отырып, ақпараттық қоғам жағдайына жетудiң тиiмдi деген жолдарын iздестiруде. Бұл мақсатқа жете алмаған елдер қай жағынан болсын артта қалған болып есептеледi.

Қоғамды ақпараттық жағынан жетiл-дiрудiң аяқ алысы мен сипаты саяси қарым-қатынастарға тәуелдi болмақ. Ақпараттық технологияларды қоғам өмiрiне енгiзудiң саяси тұрғыдан алғанда мынандай негiзгi үш тиiмдi жағы бар.

Бiрiншiсi. Ақпараттық қоғам жағ-дайында адамдардың мiнез-құлқы олардың таптық сана-сезiмiне емес, ой-пiкiрлер мен мүдделерiнiң әр-алуандығына (плюрализмге) байланысты болады. Бұл дегенiңiз, әрбiр адам дара тұлға ретiнде өзiнiң әйел ме әлде ер ме, мұсылман ба әлде христиан ба, не болмаса қандай да бiр ұлт өкiлi екендiгiн өзi анықтайды.

Екiншiсi. Адамдардың партиялар мен партиялық топтарға бiрiгуi, топтасуы олардың әлеуметтiк-таптық тегiне тәуелдi болмайды. Бұл жерде жеке тұлға ұсынатын саяси бағдарламаның рөлі зор.

Үшiншiсi. Компьютер (Интернет арқылы) әрбiр адамға үкiметтiң iс-қимылын бақылауға мүмкiндiк бередi.

Қоғамды ақпараттандыру және ақпараттық технологияларды қолдану үрдiсiнде 1990-1991 ж.ж. пайда болған Интернет жүйесi World Wide Web (WWW немесе “Бүкiләлемдiк компьютер торы”) аса маңызды рөл атқаруда.

Әрине Ресей немесе дамыған Батыс елдерiмен салыстырғанда бiздiң елде Интернеттiң пайдаланушылары аз. Actis System Asia (www.actis.kz) компаниясының жүргiзген зерттеулерiне қарағанда, республика бойынша 118-140 мың адам шамасында Интернеттiң тұрақты қолданушылары бар. Ақпараттық технологиялардың жылдам дамуының арқасында бұл мөлшер жылдан - жылға артуы сөзсiз. Бұл жерде бiзде ұйымдардың болсын, не болмаса жеке адамдардың болсын Интернет әлемiнде қандай орны (сайттары) бар?

Сайттар бойынша анықтамалық рөлiн атқарып отырған “Бүкiл Қазақстан” порталынынан (www.site.kz) көп мағлұмат алуға болады. Онда әр сала бойынша сайттар топтастырылған, сол себептi iздеу жүйесi жақсы жолға қойылған.

Мемлекеттiк құрылымдар бойынша Президенттiң веб - сайтынан (www.president.kz) бастап, Үкiметте (www.government.kz), министрлiктердiң көпшiлiгiнiң Интернетте өз өкiлдiктерi бар. Сонымен бiрге елiмiздiң заң шығарушы органы Парламенттiң (www.parlam.kz), Жоғарғы соттың (www.supcourt.kz), Бас прокуратураның (www.procuror.kz), Орталық сайлау комиссиясы (www.election.kz) сияқты көптеген мемле-кеттiк органдардың әлемдiк компьютер торында сайттарының болуы ақпараттық технологияларды енгiзудiң мемлекеттiк тұрғыда бiрте-бiрте дұрыс жолға қойылып келе жатқандығын көрсетедi.

Ал, саяси партияларды алып қарасақ, Аграрлық партияның (www.agrokaz.kz), “Ақ жол” демократиялық партиясының (www.dpkakzhol.kz), Азаматтық партияның (www.civicparty.kz) және “Отан” Респуб-ликалық саяси партиясының (www.otan.nursat.kz) Интернет жүйесiндегi сайттары олардың қоғамдық-саяси өмiрдегi рөлдерiн арттыруға септiгiн тигiзуде. Бұл ретте жақында болып өткен мәслихаттар сайлауын алсақ та жеткiлiктi. Жоғарыда аталып өткен Орталық сайлау комиссиясының сайтынан бастап барлық партиялардың, көптеген бұқаралық ақпарат құралдарының сайттары сайлау науқанына жаппай жұмылдырылды. Әрине әр сайттың өзiндiк ерекшелiгi, саяси ұстанымы бар. Саяси майданда олардың қайсысы қалай қолданылуда - ол өз алдына жеке әңгiме. Мүмкiндiгiмiзше келесi жолдан бастап мемлекеттiк органдардың болсын, қоғам-дық ұйымдардың болсын немесе жеке сайттар болсын әрқайсысына тоқталып, жүйелi түрде таныстырып тұратын боламыз.

Жалпы алғанда, ақпараттық технологиялар қоғам өмiрiнiң ажырамас бiр бөлiгiне айналып келе жатыр. Оны игiлiгiмiзге қалай пайдалану өзiмiздiң қолымызда.

Ақпараттық технология белгiлi бiр объектiнiң, үрдiстiң немесе құбылыстың жай-жапсары туралы ақпарат алу үшiн мәлiмет жинаудың, өңдеудiң және таратудың құралдары мен әдiстерiн пайдалану үрдiсi.

Ақпараттық қоғам - жұмыс iстейтiн адамдардың көпшiлiгi ақпаратты (оның ең жоғары түрi бiлiмдi) өндiрумен, өңдеумен және iске асырумен айналысатын қоғам.

Қоғамды ақпараттандыру ақпа-раттық қорларды дайындау және пайдалану негiзiнде жеке адамдардың немесе мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi басқару органдарының, ұйымдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң ақпараттық қажеттiлiктерiн өтеуге әрi жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар жасайтын әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық үрдiс.

Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту процесінде туындайтын компьютер-лендірудің педагогикалық психологиялық жаңа проблемалары әлі толық шешіл-мегені.

Білім беру жүйесін ақпаратанндыру қазақстандық білім беру үшін үлкен перспективалар ашады. Соңғы жылдары компьютерлік, коммуникациялық техника мен технологиялардың қоғам өміріндлгі рөлі мен орнында түбегейлі өзгерістер болды. Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен бір қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды. Алынған білім мен дағдылар бұдан әрі көптеген жағдайда қоғамның даму жолдарын анықтайды.

Ақпараттандырудың негізі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті техно-логияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне - оның іргелілігі, алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады. Білім беру жүйесін ақпаратандыру бағыттарының бірі ақпараттық технологияларды білім беру саласына енгізу жұмыстары болып табылады.

Ақпаратандыру және бұқаралық коммуникацияларды ғаламдастыру кезе-ңінде қазіргі қоғам ақпараты нақты тұтынушының ұсыныстары мен қызығуына сай ақпарат ағынын қалыптасытруға, ақпаратқа көлем және жылдамдық жағынан шектеусіз қол жеткізуді, сондай-ақ кез келген қашықтықтағы ақпарат көзіне, оның ішінде оқу ақпаратына назар аударуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әлемдік ақпараттық орта жағдайында ақпа-раты қоғамдық өнім ретінде белсенді пайдаланумен сипатталады. Бұл өскелең ұрпақты ақпаратық қоғаммен зиялы қарым - қатынасқа оқытып, тәрбиелеуге және ақпаратық мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасайды.

«Мультимедиа» термині латын тілінің «multy» (көп) және «media» (орта) сөздерінің бірігуінен құралған.

Мультимедиалық жүйеге арналған оқулықтарды, ғылыми еңектерді саралай келе мультимедиа терминіне «ақпараттық орта» деген мағына беруге болады. Ал, «ақпараттық орта» түсінігін белгілі бір ортада ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы ақпаратты ұсыну мен өңдеуге бағытталған арнайы ұйым-дастырылған процесс деп қабыл-дауымызға болады.

Мультимедиа - компьютерлік графи-камен, суреттермен, қозғалыстағы бей-неқаптармен, анимациямен, мәтін дермен, жоғары сапалы дыбыстармен жұмыс іс-теуді қаматамасыз ететін итерактивті жүйе.

Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етеді. Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электрондық пошта, телеконференция, видео-конференция, телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуда.

Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қодану айтар-лықтай нәтижелер беруде. Кез-келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығарма-шылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Дәстүрлі оқулықтың оның электрондық нұсқасына оңай айналдыруға болады.

Бұл нұсқаның жетістігі, оны компьютер жадында сақтау мүмкіндігі, оны компьютерлік желілер арқылы тарату болып табылады.

Ақпараттық технологияларды пайда-ланудың ғылыми-педагогикалық, әдісте-мелік негіздері қалыптасу үстінде.

«Қазіргі таңда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стан-дартқа сай мүделі жаңа білім беру өте-мөте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Ақпараттық технология құралдары тек ғылыми зерттеулер мен әр түрлі әлеуметтік, экономикалық және саяси процестерді басқаруда ғана емес, білім жүйесінде де кең қолданыла бастады. Ақпараттық технологиямен компьютерлік желілерді пайдалану арқылы жүргізілетін оқытудың жаңа формаларының ауқымы кеңейіп келеді.

Ақпараттық технологияның қазіргі оқыту жүйесінде кеңінен пайдалану кезеңінде білім мәселелері негнізінде білікті мамандардан ақпараттық құралдар кешенінен, құжаттар, айналымынан, мәліметтер базасынан және басқа да ақпараттық қаматамасыз ету элемент-терінен тұратын біртұтас жүйе қажеттілігі туындайды. Осындай жүйе құру кезінде бір жағынан, уақыт барысында тұрақты өзгеріп отыратын объект екенін, екінші жағынан мұндай жүйе білім мекемесінің барлық түрлерін сүйемелдеуді қамтамасыз ете алатынын есепке алып отыру керек.

Ақпараттық технологияны білім жүйесінде пайдаланғанда, еспке алынатын ең негізгі фактор адам болуы тиіс. Жоғары білім жүйесіндегі (қазіргі кезеңдегі) оқыту процесіне ақпараттық технологияларды енгізу мынадай факторларды есепке ала отырып жүргізіледі:

Қолданбалы программалар: WordPad, MS Word, MS Excel, Paint т.б. мектеп курсында пайдалану тиімді. Қазіргі қоғам сұранысына сай оқушы білімді, жан-жақты, шығармашылық қабілетін дамытуда қолданбалы бағдарламаны меңгеру жеткіліксіз.

Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз. Осы міндетті басшылыққа ала отырып оқушының бәсекеге қабілетті жан-жақты болуын «болашақ» деп белгіледім.

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің барлық саласында жаңа ақпараттық технологияны жоспарлы түрде енгізіп, жүйелік интегралды өткізу немесе қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр.

Қазіргі замандағы ақпараттық технология әрбір оқушының білім алу үрді-сінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Дәл осы ақпараттық технология мен әрбір оқушының өзіндік білім алу траекториясын таңдауына жол беретін анық білім беру жүйесін құруды, оқу бағдарламаларының бағдарламалануы және өзгермелі бейім-делінуі есебінен оқу үрдісінің біртұ-тастығын сақтай отырып оны дараландыруға мүмкіндік беретін кмпьютердің маңызды дидактикалық қасиеті негізінде оқушылардың оқу үрдісінде танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру арқылы жаңа білім алу технологиясын түбегейлі өзгертуді тығыз байланыстырады.