Тақырып бойынша тест сұрақтары

 

1. Қоғамды компьютерлендіру дегеніміз:

A. информацияны өңдеу нәтижелерін жылдам алу процесін қамтамасыз ететін компьютерлердің техникалық базасын дамыту және енгізу процесі;

B. қызметтің барлық салаларында анық және үздіксіз білім қорларын толық пайдалануды жүзеге асыратын шаралар кешені;

C. үлкен ЭЕМ-дерді дербес компьютерлерге алмастыру процесі;

D. компьютерлік анықтамамен жұмыс істеу тәсілдері;

E. ЭЕМ-нен анықтама алуды ұйымдастыру.

2. Қоғамның ақпараттық мәдениеті мынадай түсінік береді:

A. қазіргі программалық жабдықтамаларды білу;

B. шет тілдерді білу және оларды өз жұмысыңда пайдалана білу;

C. информациямен белгілі бір мақсатта жұмыс істей білу және оны алу, өңдеу, тасымалдау жолында ақпараттық технологияларды пайдалану;

D. компьютер жұмысын басқару;

E. информацияларды және есептеу машинасын кең пайдалану.

3. Қоғамның ақпараттық ресурстары дегеніміз:

A. жеке құжаттар, құжаттар жиымы (массивтері), ақпараттық жүйе­лердегі (кітапханалардағы, қорлардағы, мәліметтер банктарындағы) құжаттар мен солардың жиымы;

B. мекемелердің өз қызметтерін жүзеге асыру мақсатында пайдаланатын алғашқы құжаттары;

C. басқару ісінде шешім қабылдауға керекті есеп беру құжаттары;

D. басқа да программалар туралы қысқаша мағлұматтар;

E. дұрыс жауабы жоқ.

4. Ақпараттық жүйе дегеніміз:

A. мекеме жұмысына керекті құжаттар жиыны;

B. ақпараттық мәліметтер (массивтер) жиыны;

C. белгілі бір мақсатқа жету жолында ақпаратты сақтау, өңдеу және оны басқаларға беру үшін қолданылатын, өзара байланысқан құралдар, тәсілдер және персоналдар (адамдар) жиыны;

D. үнемі жаңартылып отыратын, мекеме жұмысын жарнамалауға қа­жетті ақпараттар жиыны;

E. дұрыс жауабы жоқ.

5. Автоматтандыру деңгейіне қарай ақпараттық жүйелер мынадай топтарға бөлінеді:

A. “үлкен” ЭЕМ-дер мен дербес компьютерлер негізінде жасалатын жүйелер;

B. ауқымды және жергілікті жүйелер;

C. қолмен басқарылатын, автоматты және автоматтандырылған жүйелер;

D. үлкен, орташа және кіші жүйелер;

E. программалық, басқарылатын және басқарылмайтын.

6. Құрылымдық белгілеріне қарай ақпараттық жүйелер мынадай ішкі топтарға бөлінеді:

A. ақпараттық, программалық, математикалық, техникалық, ұйымдас­тырушылық, құқықтық жақтарынан қамтамасыз ету;

B. ішкі және сыртқы;

C. бірыңғай және таңдамалы;

D. күрделі және қарапайым;

E. бастапқы, дамушы, соңғы.