Тақырып бойынша тест сұрақтары

1. ДК құрамына кіретін негізгі құрылғылар:

A. дисплей, монитор, джойстик, стример;

B. пернетақта, жүйелік блок, дисплей, принтер;

C. дисплей, сканер, дигитайзер, жүйелік блок;

D. модем, СD-диск, пернетақта, принтер;

E. ішкі және сыртқы есте сақтау құрылғылары.

 

2. Компьютердің жадына жататын құрылғы:

A. жедел (оперативтік) жады;

B. микропроцессор;

C. тұтынушы жады;

D. операциялық жүйе;

E. символдарды енгізу құрылғысы.

 

3. Монитор экраны не үшін қажет?

A. ақпаратты өңдеуге даярлау үшін;

B. мәтіндік және графикалық ақпараттарды көрсету үшін;

C. мәтіндік ақпараттарды көрсету үшін;

D. графикалық ақпараттарды көрсету үшін;

E. арифметика-логикалық құрылғы.

 

4. Компьютердің жүйелік шинасы не үшін қажет?

A. монитор мен сканерге компьютерден жүйелік мәліметтер шығару үшін;

B. компьютердің негізгі электрондық құрылғыларының арасында ақпа­рат­ты тасымалдау үшін;

C. компьютердің сыртқы құрылғыларына командаларды жіберу үшін;

D. компьютердің әр түрлі құрылғыларын іске қосу және өшіру үшін;

E. сыртқы дыбыстар құрылғысын іске қосу үшін.

  1. Монитор не үшін қажет?

A. экраннан ақпаратты енгізу;

B. ақпаратты қатты көшірме түрінде экранға шығару;

C. жұмыс істеп тұрған компьютердегі ақпаратты экранға шығару;

D. жұмыс істеп тұрған компьютерде ақпаратты уақытша есте сақтау;

E. суреттерді бейнелеу үшін қажет.

2. Компьютерге ақпарат енгізу құрылғысы:

A. пернетақта;

B. монитор экраны;

C. тышқан;

D. жүйелік блок;

E. CD-диск.

 

3. Компьютердің жүйелік блогына қандай құрылғы кірмейді?

A. микропроцессор;

B. қатты диск;

C. принтер;

D. дискіжетек;

E. аналық тақша (материнская плата).

4. Модем дегеніміз не?

A. магниттік таспадағы мәлімет жинақтауыш;

B. компьютерді басқаратын манипулятор типтес құрылғы;

C. мәліметтерді қатты дискіге шығаратын құрылғы;

D.байланыс арналары арқылы комьютерлер арасында ақпарат алмасу құрылғысы;

E. желілік байланыс құрылғысы.

5. Компьютер жұмыс істеп тұрғанда ақпаратты сақтайтын құрылғы...

A. монитор;

B. қатты және иілгіш магниттік дискілердегі мәлімет жинақтауыш;

C. принтер;

D. компьютердің жедел жады;

E. сканер.

6. Компьютердің программалық құралдарына мыналар жатады:

A. операциялық жүйе, программалау жүйесі, қолданбалы программалар;

C. микропроцессорлар, жедел (оперативтік) жады;

B. операциялық жүйе;

D. файлдар;

E. жүйелік программалар сақталған бумалар.

7. Пернетақта не үшін қажет?

A. дискіден мәлімет енгізу үшін;

B. символдар енгізу үшін;

C. компьютерді басқару және таңбалық мәліметтер енгізу үшін;

D. монитор экранында тышқан курсорын жылжыту үшін;

E. кестелерді, символдарды өңдеу әрекетін басқару үшін.

8. Қатты диск дегеніміз ...

A. мәліметтерді уақытша есте сақтайтын құрылғы;

B. файлдық жүйе жиыны;

C. мәліметтер мен программаларды ұзақ уақыт есте сақтайтын құрылғы;

D. белгілі бір тәртіппен реттелген секторлар жиыны;

E. көлемі 1Mb FLASH.