Операциялық жүйелер

Керектігі. Операциялық жүйелер (ОЖ) - бұлар кез-келген дербес компьютердің аппараттық құрылғыларын толықтырады және де қолданбалы программалардың ішкі құрылғыларын қарым-қатынасын, адамның сәйкес командалар көмегімен машинаны басқаруына мүмкіншілік тудырады. ОЖ- қолданушы мен программаның қорғалуын қамьамассыз етеді, программаны іске қосады, компьютерді басқарады. Әрбір программа ОЖ-нің қызметін қолданады, сондықтан да ол осы қызметті көрсететін ОЖ-мен жұмыс жасайды. ОЖ-ні таңдау өте қажетті, себебі таңдалған ОЖ-ге дербес компьютердің жұмыс істеу қабілеттілігі мен деректер қорғалуының деңгейі тәуелді.

ОЖ құрамы, ОЖ құрылымы келесі модульдерден тұрады:

- базалық модуль (ОЖ ядросы) —файлдық жүйемен программа жұмысын басқарады, сыртқы программа мен файл арасындағы алмасу және оған қатынас жасауды орындайды;

- командалық процессор — бірінші кезекте пернетақтадан түсетін пайдаланушы командаларын орындайды және талдайды;

- сыртқы құрылғы драйверлері — бұл құрылғылардың процессормен жұмыс істеуі үшін программалық қамамасыз етіп отырады.(әрбір сыртқы құрылғы ақпаратты әртүрлі және ерекше темпте өңдейді);

- қосымша сервистік программалар (утилиттер) — пайдаланушының компьютермен байланысу процесін жан – жақты және ыңғайлы етеді.

ОЖ жүктелуі. ОЖ құрамындағы файлдар дискіде сақталады, сондықтан оларды жиі дискілік операциялық (ДОС) деп атайды. Белгілі, программаның орындалуы үшін ОЖ файлдары жедел жадыда (ЖСҚ)-да орналасуы керек. Сондықтан операциялық жүйеден ЖСҚ-ға жазу үшін жүктемелеу программаларын орындау керек. Олар компьютер қосылған кезде ЖСҚ-да болмайды. Бұл жағдайдан шығу үшін жедел жадыға ОЖ-ны жүктемелеудің келесі этаптарын тізбектей орындау керек.

ОЖ-ны жүктемелеудің бірінші этапы. Копьютердің жүйелік блогында тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТСҚ- тұрақты жады, RОМ—Read only Memory— оқу үшін арналған жады) болады. Онда ОЖ-ны жүктемелеудің бірінші этапы және компьютер блоктарын тестілеу программалары орналасады. Олар компьютерді қоса сала тоқтың бірінші импульсімен орындала бастайды (өйткені (RОМ) ТСҚ-да ақпараттар электрондық схема түрінде сақталады да олар компьютерді өшірген кезде де сол қалпында қалады). Бұл этапта процессор дискіге қатынасады да анықталған орнында өте үлкен емес көлемде жүктемелеу программасын тексереді. Егер бұл программа табылса, онда ол ЖСҚ-ға оқылады да оған басқару беріледі.

ОЖ-ны жүктемелеудің екінші этапы. Жүктемелеу программасы өз кезегінде дискіден ОЖ-ның базалық модулін іздейді де оны жадыға көшіреді және басқаруды соған береді.

ОЖ-ны жүктемелеудің үшінші этапы. Негізгі жүктемелегіш базалық модуль құрамына кіреді, ол ОЖ-ның қалған модулдерін іздейді де оны ЖСҚ-ға оқиды. ОЖ жүктемеленуі біткеннен кейін басқару командалық процессорға беріледі де, экран бетіне жүйеден түсетін пайдаланушы командасын енгізуге шақыру шығады.

Ескерту, командалар жұмысы кезінде жедел жадыда міндетті түрде командалық процессор және ОЖ базалық модулі болуы тиіс. Сондықтан ОЖ файлдарын жедел жадыға бір уақытта жүктемелеу қажеттілігі жоқ. Құрылғылар драйвері мен утилиттер ЖСҚ-ға керек болған жағдайда ғана жүктемеленеді. Бұның арқасында жүйелік программалық қамтамаға бөлінетін жедел жадының міндетті көлемін қысқартуға болады.

ОЖ-ның бірнеше ең көп тараған түрлері кездеседі олардың әрқайсысы процессор разрядтылығына (такт уақытында өңделетін ақпараттың биттік саны), процессор типі (негізінде белгілі компьютерлер фирмасы), сондай-ақ ЖСҚ көлеміне негізделген. Компьютер мүмкіншіліктерінің дамуы барысында (сыртқы және жедел жады көлемінің өсуіне, процессор ресурстарының өсуіне және сыртқы құрылғылардың типтерінің көптігіне байланысты және т.с.с.) пайдаланушы бұл ресурстарды қолдана алу үшін қәзіргі заманға сай және күшті программалық құралдарды керек етеді. Бұндай сапалы Mіcrosoft фирмасының ОЖ-лары қамтамасыздандыра алады. Мысалы, MS_DOS- Бұл ОЖ-ның қәзіргі персоналды компьютерлердің ақпараттық мүмкіншілігіне қатыса алатын дамыған құралдар. Олар:

- каталогтардың иерархиялық құрылымына негізделген иілгіш файлдық жүйелердің жұмысы және құрылуы;

- компьютер құрылымының модулдік принциптік қолдану әртүрлі сыртқы құрылымының көптеген санына әкеп тіреледі (принтерлер, плот­терлер, модемдер және т.б.);

- пайдаланушының ыңғайлы интерфейсі.

ОЖ эволюциясы,

ІВМ РС типтес компьютерлерде келесі ОЖ қолданылады:

1.MS DOS,

2.MS DOS – ортасындағы WINDOWS 3.1

3.WINDOWS 95, WINDOWS 98/NT, UNIX, OS/2.

Осы аталған ОЖ-ден 1992 жылы шығарылған WINDOWS 3.1 мен 1995 жылы шығарылған WINDOWS 95 өте таңдаулы және кеңінен қолданылады.

WINDOWS 3.1 операциялық қоршауы – Microsoft фирмасы DOS операциялық жүйесін өңдеген, программистер мен қолданушыларға өте кең көлемдегі мүмкіншіліктер мен қолайлықтар бар операциялық жүйе. WINDOWS-тың кеңінен қолданылуы IBM PC – сәйкес компьютерлерінің стандарты болып табылады. WINDOWS файлдармен, дисклермен жұмыс істеу операцияларына арнап қолайлы және айқын интерфейспен қамтамасыз етеді, сонымен қатар WINDOWS ортасында іске қосылатын программаларға жаңа мүмкіншіліктер береді.

1985 жылы Microsoft фирмасы WINDOWS графикалық операциялар жүйесін, ал 1990 жылы 3.0 версиясын шығарған 3.0 версиясынан бастап WINDOWS-тың кеңінен қолдануы арқасында, ол ІВМ тектес компьютердің стандарты болып табылады.

1995 жылы Microsoft фирмасы ОЖ-нің бөлінуі керек етпей жаңа WINDOWS 95 (графикалық интерфейсі) бар ОЖ ойлап тапты. Бұл ДК құрылығыларының модельдері 286 мен 386 лардың – 486, Pentium жаңа модельдеріне тез ауысуына мүмкіндік туғызды.

Көрнекті көлемді қасиеттері және жақсы графикалық интерфейсі бар WINDOWS 95 – жаңа ОЖ, әлемге әйгілі Microsoft фирмасының мақтанышы.

WINDOWS-тың сыртқы қарапайымдылығының астында ДК-дің мыңдаған санына арналған оңай және күшті операциялық жүйе тығылып жатыр.

WINDOWS 95 негізі болып – іске қосылған қосымшалар мен байланыс, жүйенің іске қосылуы мен оның графикалық интерфейсінің құрылуын қамтамассыз етіп программалық құрылғылардан тұратын ядросы жатады. WINDOWS 95-тің ядросы 3 деңгейден тұратын WINDOWS-тың алдыңғы версияларының жалпы құрылымын сақтап қалды.

Кез-келген басқа программалық өнім сияқты WINDOWS 95-тің де өз плюстары мен минустары бар. Бұл оболочканың артықшылығы келесіде: файл концепциясының қалмауы, біріңғай программалық интерфейс, WINDOWS 95-тің көпесептілігі, әртүрлі басқа да құрылғыларды қолдауы, әртүрлі қосымшалар арасында деректер алмасу жеңілділігі, True Type шрифтерін қолдауы, мультимедианың құрамын қолдауы.

Бірақта жақсы жағдайда әрқашанда төлеу керек қой, мұнда WINDOWS 95 компьютердің аппараттың бөлігіне көп ауыртпашылық түсуіне байланысты ұтылады; себебі WINDOWS 95 машинаның барлық бөліктерінің тез жұмыс істеуіне талап қояды.

WINDOWS-тің тағы бір кемшілігі көпесептіліктің толық болмауы; Сонымен қатар WINDOWS 95-тің енгізу шығару жүйелері анағұрлым жаңсарға.

WINDOWS-те дискмен жұмыс істеу жүйесіне ерекше көңіл бөлінген, осында IDE, ESDI, SCSI интерфейс контроллерлары бар.

Енгізу шығару операцияларының жылдамдығын ақпараттарды тасу дискілері мен қарым-қатынасының жылдамдығы көп әсер етеді. WINDOWS 95 (жазы, санау, көшіру, файлды мен директорияларды жою) файлдың операцияларын орындау жылдамдығын кәдімгідей көтерген.

WINDOWS жұмыс істеу негізі.Компьютерде барлық деректер аты мен кеңейткіші бар файлдарда сақталынады. Аты кеңейткішпен қосқанда 255 символды құрай алды.

Барлдық файлдар дисклерде (дискеталар немесе қатты диск) сақталынады, әр дискінің өз аты бар. WINDOWS 95 операцияның жүйесінде әрбір программаға немесе документке сәйкес пиктограммалар бар (сурет, программаны немесе документі мінездейтін сурет).

Жұмыс столы.WINDOWS 95-тің негізгі жұмысы Desktop жұмыс столінде өтеді, ол интерфейс элементтерінің орналасу тәртібін сақтайды. Элементтер пикторграммалармен (астында түсіндірме жазуы бар) белгіленген. Кез-келген жұмыс столінде келесі элементтер орналасқан:

Менің компьютерім (My computer) – компьютерлердегі барлық папкаларды шартты түрде көрсететін ағаш тәріздес;

Желілік аймақ (Network Neighborhood) – компьютер желіге қосылған кезде, желілік ресурстарды көрсетеді;

Қапшық (Recycle Bin) – папкалармен файлдарды өшіреді;

Енгізілетін (Inbox) – электронды пошта арқылы келетін ақпараттарды сақтайтын пошталық жәшік;

Портфель (My Brifcase) – бірден бірнеше компьютерде өңделетін файлдарды синхрондайды;

The Microsoft Network – Microsoft желісін қосуға және қолдануға мүмкіншілік жасайды;

The Internet – Internet-пен жұмыс жүргізу.

Сонымен қатар экранда Есептер тақтасы (Taskbar) орналасқан, мұнда негізгі менюді қосатын Пуск (Start) кнопкасы мен іске қосылған барлық программалардың белгілері көрінеді.

Басты меню көмегімен кез-келген программаны немесе документті ашуға болады, себебі мұнда ішкі менюлердің сан алуан түрлері кездеседі. “Пуск” жолының көмегімен кез-келген керек файлды тауып алуға болады. “Настройка” пунктінің көмегімен кез-келген программаны немесе документті тез және қолайлы түрде іске қосуға арнап “жұмыс століне” ярлыгын қоюға юолады. Сонымен қатар қолданушы контексті меню көмегімен де ярлык құра алады.

Контексті меню келесі мүмкіншіліктерді орындай алады: қиып алу, көшіру, құру, болдырмау, қою, ашу, өшіру, жіберу, орналастыру. Бұлар жұмыс століне жаңа мүмкіншіліктер береді.

Жұмыс столінің түрі қолданушы жұмыс істеу стиліне тікелей байланысты, оны керек емес қағаздармен толтырмай, оларды реттеп (My computer) папкасына салып, жұмыс столінде таза, негізгі керек қосымшаларды ғана қалдыруға болады.

WINDOWS терезесі.WINDOWS-тың кез-келген терезесі экраның төрт бұрышты аймағы болып табылады. Трезенің жоғарғы бөлігінде тақырыптың аты бар жол (Title Bar) орналасқан. Тақырыптың аты бар жолдың ортасында терезенің аты жазылады, ал оң және сол бөліктерінде жүйелі менюдің жинақтау және ашу батырмалары бар.

WINDOWS пен жұмыс жасағанда экранда 3 түрлі терезе ашылуы мүмкін: - программа терезесі (терезе аталуы);

Программа терезесі екінші рет қайталап ашылатын терезелер мен сұраныстардан мынадай айырмашылығы бар:

- программа терезесінің жоғарғы жолының ортасында программа аты шығады, ал екінші рет қайталап ашылатын терезелерде – шығарылатын ақпараттың сипатталуы, сұраныс терезесінде - сұраныс аты шығады;

-программа терезесінің аты бар жолының төменгі жағында меню жолы орналасады;

- программа терезелерінде жинақтау батырмасы болады;

- программалар құрған қайтадан екінші рет ашылатын терезе;

- сұраныс терезесі (қосымша терезелер).

Бұлар әдетте аз мерзімге қандай да бір ақпаратты немесе сұранысты шығару үшін ғана шығады. Сұраныс терезесі әрқашан басқа программалар терезесінің үстіне шығады. Олардың өлшемі және жинақтау немесе ашу батырмалары болмайды.

Көмек.WINDOWS-тың барлық программаларының меню жолында Көмек (Help) пункті болады. Оның көмегімен пайдаланылатын программа туралы және олардың меню пунктері туралы толық ақпарат алуға болады. Кейде бұл анықтамалық F1 клавишасына контесті – тәуелді болады, бұл кнопканы басқанда программа жұмыс режимі бойынша барлық анықтама алуға болады.

Мүндай қосылған анықтамалар WINDOWS-қа (Win Help. Exe) көмегімен кіреді, сондықтан бұл анықтаманы қолдану үшін осы программаның файл дерегін қалдырса болғаны.

WINDOWS-ң қосылған анықтамалы-ң қосылған анықтамалығы – гипертекст принципіне негізделген: белгісіз терминдерді түсіндіретін және керек ақпаратты тез арада анықтайтын тоғысқан сілтемелер.

Жұмысты аяқтау.WINDOWS-та жұмысты аяқтау үшін барлық белсенді қосымшаларды тоқтатып терезелердің барлығын жауып SHUT DOWN утилитасын пайдалану керек. Ол жұмысты аяқтаудың қарапайым диалогті терезесін ашады:

ЗАВЕРШИТЬ РАБОТУ (Shut down the computer);

ПЕРЕЗАГРУЗИТЬ КОМПЬЮТЕР (Restart the computer);

ПЕРЕЗАГРУЗИТЬ КОМПЬЮТЕР В РЕЖИМЕ ЭМУЛЯЦИИ MS DOS (Restart the computer in MS – DOS mode).

Егер қандайда бір қосымшалар жабылмаған болса, онда WINDOWS өзі жабуға арналған диалогті терезені шығарып жабуды талап етеді. Егер қосымша жұмыс істеп тұрса, онда ол файлды диске көшіріп жабу керек.