MS Word мәтіндік редакторында макрастармен жұмыс.

Мақсаты: Текстік құжаттарға макростар қоюды үйрету.

Негізгі түсініктер:

Макрос (немесе макропрограмма) – қолданушының тізбектей орындайтын бірнеше командалар жиынтығын біріктіріп белгілі бір пернелер комбинациясына немесе белгілі бір батырмаға меншіктейтін программа. Бұл әрекетті орындау үшін Word текстік процессорында қолданушының әрбір орындаған командасын немесе әрекетін программа түрінде тіркеп отыратын арнаулы макротранслятор болады. Макростарды, көбінесе бірсарынды әрекеттерді қайталап отырмас үшін қолданады. Макросты пайдалану қолайлы болу үшін оны орындауды саймандар панелінде орналасатын бір батырмаға немесе пернелер комбинациясына меншіктеп қояды, яғни ол батырмаға шерткенде немесе пернелер комбинациясын басқан кезде сіздің құрған макросыңызға сәйкес командалар тізбегі автоматты түрде бірден бір команда сияқты орындалады. Макросты жазу үшін Сервис->Макрос->Начать запись командасы орындалады немесе қалып-күй қатарындағы ЗАП индикаторына екі рет шертіледі.