Тақырып бойынша тест сұрақтары

1. Мәліметтер базасы дегеніміз…

A. көптеген салаларды автоматтандыруды қамтамасыз ететін өзара байланысқан модульдер жиыны;

B. мәліметтер мен формулаларды сақтау мен өңдеуге арналған кесте;

C. мәліметтерді сақтау мен оларды жан-жақты қолдануға арналған информациялардың біріккен (интегралданған) жиыны;

D. тұтынушының информациясын өңдеуге арналған қолданбалы программа.

E. тұтынушының мәліметін өңдеуге арналған сызықты команда

2. Реляциялық мәліметтер базасында өрістердің мына типін қолдануға болмайды:

A. аналогты тип;

B. ескертулер типі;

C. символды тип;

D. мерзім типі;

E. логикалық тип

3. Реляциялық мәліметтер базасы қатынасының (кестесінің) мынадай қасиеті болмайды:

A. кестенің барлық бағаналары біртекті;

B. кестеде екі немесе одан да көп жолдарда бірдей мәлімет болуы мүмкін;

C. кестеде екі немесе одан да көп бірдей жолдар болмауы тиіс;

D. бағаналарға бір мәнді аттар меншіктелген.

E. кестеде тек қана бір текті мәлімет болады

4. Мәліметтер базасын басқару жүйелері мына жұмысты атқармайды:

A. мәліметтер базасын құрумен, өңдеумен;

B. мәтіндерді құру мен өңдеумен;

C. мәліметтермен жұмыс істеумен (түзету).

D. мәліметтерді жоюмен

E. мәліметтерді таңдаумен

5. Информациялық объект дегеніміз…

A. өзара байланысқан информация;

B. қандай да бір нақты объектіні, құбылысты, процесті, оқиғаны логикалық байланысқан реквизиттердің жиыны түрінде сипаттау;

C.өзара байланысқан мәліметтердің компьютерлік көрсетілуі.

D.өзара байланыспаған информация

E. жоғарыда көрсетілген жауаптардың ешбірі дұрыс емес

6. МББЖ-нің мынадай тобы бар:

A. әдіске бағытталған жүйелер;

B. жалпы тағайындаудағы жүктеулер;

C. арнайы жүйелер;

D. программаға бағытталған жүйелер.

E. объектке бағытталған жүйелер

7. МББЖ өнімділігі келесі факторлармен бағаланады:

A.сұранысты орындау уақытымен;

B.басылымды генерациялау уақытымен;

C.информацияны іздеу уақытымен;

D.мәліметтер базасын басқа файлдардан импорттау уақытымен;

E. барлық жауаптар дұрыс;

8. Мәліметтерді қауіпсіздендіруді қамтамасыз ету құралдары мынадай әрекет атқарады (дұрыс емес жауапты таңдаңыз):

A. қолданбалы программаларды шифрлеу үшін;

B. мәліметтерді шифрлеу үшін;

C. формалар, басылымдарды шифрлеу үшін;

D. құпия сөзбен қорғау үшін;

E. мәліметтер базасына, кестеге қатынас құру деңгейін шектеу үшін.

9. МБ-ының түзету командалары көмегімен тұтынушы мәліметтерді түзете алады, ал ол осы тәсілмен қаріп түрін, туралау түрін, фон түсін өзгерте ала ма?

A. иә;

B. жоқ.

C. мәліметтің көлеміне байланысты

D.тек қана Windows 98-де жүзеге асыруға болады

E. мәліметтің жазылған және сақталған мерзіміне байланысты

10.МБ-ыны форматтаудың кез-келген командасын орындау кезінде осы команда орындалатын аймақты белгілеу қажет. Осы тұжырым дұрыс па?

A. дұрыс;

B. дұрыс емес.

C. мәліметтің көлеміне байланысты

D. мәліметтің жазылған және сақталған мерзіміне байланысты

E. мәліметтің фонына байланысты