Сұраныстар құру.

Сұратулар.Сұрату – бұл деректерді талдау, таңдау, іріктеу және өзгерту құралы. Сұрату көмегімен бірнеше кестелердегі деректерді көруге, талдауға және өзгертуге болады. Сонымен қатар сұратуларды пішіндер мен есеп берулерге (отчеты) арналған деректер көзі ретінде қолданылады.

Сұратуларды жасаудың бірнеше тәсілі бар:

- Конструктор сұратудың кех келген типін өз өалауыңыз бойынша жасауға мүмкіндік береді.

- Қарапайым сұратуСұрату шебері (Мастер запросов) белгілі біркестелердің өрістерінен немесе басқа сұратулардан таңдама (выборка) жасауға мұмкіндік береді

- Айқастырылған сұрату(Перекрестные запросы) құрылымдағы деректерді есептеу және талдауды жеңілдететін түрде беру үшін қолданылады. Айқастырылған сұратустатистикалық есептеулер жасап, оның нәтижелерін деректердің екі жинағы (бірі бағандардың, екіншісі жолдардың тақырыптарын анықтайды) бойынша құрылған кесте түрінде топтайды.

- Қайталанатын жазбаларқарапайым кестедегі немесе сұратудағы қайталанатын жазбаларды іздеуге сұрату жасайды. Ал Записи без подчиненных пунктін таңдағанда бағыныңқы кестеде ешқандай жазба сәйкес келмейтін жазбаларды іздеуге сұрату жасалынады. Мұндай сұрату көп кестелік деректер базасында қолданылады.

Сұрату типтері:
Таңдама (Выборка) Бір немесе бірнеше кестедегі әртүрлі деректерді біріктіру қажет болған жағдайда әртүрлі кестелерден деректерге таңдама жасау үшін қолданылады.
Жаңарту (Обновление) Бір сұратудың көмегімен бірден көп жазбаларға өзгерістер енгізу үшін қолданылады.
Қосу (Добавление) Бұрыннан бар кестеге басқа кестеден белгілі бір өлшемдіктер (критерий) бойынша жазбаларды қосу (қосып жазу) үшін қолданылады.
Жою (Удаление) Қажетті жазбаларды бір мезетте іріктеп алып, жоюға мүмкіндік береді. Мұндай сұратуды жасаудың қағидасы жаңарту сұратуына ұқсас, алайда, байланыстырылған кестелерден жазбаларды жойғанда деректердің тұтастығына (целостность) нұқсан келмеу керек.
Айқастырылған (Перекрестный) Айқастырылған сұратулар —бұл деректерге статистикалық өңдеулер орындайтын, оның нәтижесі Excel –дің корытынды (сводная ) кестесіне ұқсас кесте түрінде болатын сұратулар.
Кесте жасау (Создание таблицы) Сұратудың бұл типі арқылы бұрыннан бар кестеден керекті деректерді таңдамаға қарапайым сұрату жасап, іріктеуге мүмкіндік береді. Таңдама нәтижесі жаңа кестеге орналасады. Жаңа кестенің құрылымы сұрату нітижесінде алынған жазбалардың құрылымымен анықталады.