Сұратулардағы есептеулер

Мәндері басқа өрістердің мәндерін есептеудің нәтижесі болатын өрісті есептелетін өріс (вычисляемое поле) деп атайды. Есептелетін өріс тек нәтижелік кестеде ғана болады. Бастапқы (базалық) кестелерде мұндай өріс жасалындайды және кестенің қарапайым сұратуында өзгертілмейді. Сұрату арқылы деректер базасына қатынаушы кез келген адам деректерге қалауынша манипуляция жасап, нәтижелер ала алады, бірақ та бастапқы (исходные) кестелер барлық қатынаушылар үшін бірдей өзгеріссіз түрде қалады.

Формулада квадрат жақшаға алынған есептеуге қатысатын өріс аттары мен математикалық операциялардыі таңбалары жазылады. Мысалы:

Нәтиже : [Гол] / [Ойын]