Тақырып бойынша тест сұрақтары

1. МББЖ (Мәліметтер базасын басқару жүйесі) бұл…

A. Графикалық түрде көрсетілген мәліметтермен жұмыс істеуге бағытталған;

B. Программалық өнімдер тобының аты;

C. Мәліметтер базасымен жұмыс істеуге бағытталған программалық өнімдер тобының аты;

D. Кестелік түрде көрстеілген мәліметтермен жұмыс істеуге бағытталған техникалық құралдар тобының аты;

E. Презентацияны құруға бағытталған программалық өнімдер тобының аты;

2. Access-те мәліметтер базасы (МБ) – дегеніміз…

A.МББЖ-ның мәліметтерін, объектілерін және олардың параметрлері мәндерін сақтауға арналған файл;

B. Мәліметтерді көрсету құралы;

C. Кестелік мәліметтерді сақтауға арналған кітапша;

D. Форматтауға, түзетуге және дискіде сақтауға болатын мәтіндік құжат.

E. Мәліметтерді өшу, көшіру, жазудың командасы орналасқан аймақ

3. Access-те кесте дегеніміз…

A. Мәліметтерді сақтауға арналған стандартты блок;

B.Тұтынушы анықтайтын шарттар көмегімен бір немесе біренеше кестелерден мәліметтерді таңдау құралы;

C. Мәліметтер базасының негізгі объектісі, өрістер мен жазбалардан тұратын информацияны сақтау қоймасы;

D. Мәліметтерді баспаға шығару кезінде оларды көрсету құралы.

E. Мәліметтерді стандартты түрде форматтау

4. Access-те сұраныс (таңдауға арналған) дегеніміз…

A. МББЖ-ның мәліметтерін, объектілерін және олардың параметрлері мәндерін сақтауға арналған файл;

B. Тұтынушы анықтайтын шарттар көмегімен бір немесе біренеше кестелерден мәліметтер таңдау құралы;

C. Мәліметтер базасының негізгі объектісі, өрістер мен жазбалардан тұратын информацияты сақтау қоймасы;

D. Мәліметтерді баспаға шығару кезінде оларды көрсету құралы.

E. Мәліметтерді форматтау үшін қажетті командалар жиыны

5. Access-те форма дегеніміз…

A. Мәліметтерді экранда көрсету мен оларды басқару құралы;

B. Мәліметтерді баспаға шығару кезінде оларды көрсету құралы;

C. Кестедегі жолдың баламасы;

D. Кестеде жазбаны бір мәнді түрде анықтауға арналған өріс.

E. Кестедегі мәліметтер базасы

6. Access-те түйінді өріс дегеніміз…

A. Индекстелетін өрістің мәні бойынша кестеде жазбаларды автоматты сұрыптау құралы;

B. Кестедегі жазбалар нөмірінен тұратын өріс;

C. Бір жолды толығымен белгілеуге мүмкіндік беретін, жолдың сол жағындағы тіктөртбұрышты аймақ;

D. Кестеде жазбаны бірмәнді түрде анықтауға арналған өріс.

E. Мәліметтердің ішіндегі ең көлемдісі

7. Access-те кілт (түйінді өріс) дегеніміз…

A. Мәтіндік мәліметтерді енгізуге арналған өріс;

B. Кестедегі жазбаларды идентификациялау мен кестелер арасында

байланысты ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, мәтіндік мәліметтерді енгізуге арналған өріс;

C.Кестедегі жазбаларды идентификациялау мен кестелер арасында

байланысты ұйымдастыруға мүмкіндік беретін бір немесе бірнеше

түйінді өрістер;

D. Кестеде жазбаны бірмәнді түрде анықтауға арналған өріс.

E. Мәліметтердің ішіндегі ең соңғы қолданылғаны

8. Access-те санауыш (счетчик) дегеніміз…

A. Кестеде жазбаны бірмәнді түрде анықтауға арналған өріс;

B. Кестедегі жазбалар мен өрістер нөмірінен тұратын өріс;

C. Сұраныстағы жазбалар нөмірінен тұратын өріс;

D. Сандық мәліметтерді енгізуге арналған өріс.

E. Барлығы да дұрыс емес

9. Access-те индекс дегеніміз…

A. бір жолды толығымен белгілеуге мүмкіндік беретін, жолдың сол жағын­дағы тіктөртбұрышты аймақ;

B. мәліметтерді экранда көрсету мен оларды басқаруға арналған құрал;

C. кестеде жазбаны бірмәнді түрде анықтауға арналған өріс;

D.индекстелетін өрістің мәні бойынша кестеде жазбаларды автоматты сұ­рып­тау құралы.

E. кестеде жазбаны көп мәнді түрде анықтауға арналған өріс

10. Индекстердің екі түрі бар:

A. мәтіндік және сандық;

B. параллельді және тізбекті;

C. айнымалы және тұрақты;

D. өріс мәнінің қайталануына рұқсат беретін және рұқсат бермейтін.

E. сызықтық және қисық сызықты