Файлдар мен бумаларды жылжыту және көшіру

Жылжыту және көшіру бұйрықтарының ерекшеліктері.

Файлдар немесе бумаларды жылжыту барысында олар бұрынғы орыннан өшіріліп жаңа орында пайда болады. Ал файлдарды немесе бумаларды көшіру барысында, олардың түпнұсқасы қалып, көшірмесі жаңа орынға қойылады.

Файлдар және бумаларды көшіру

Тышқан көмегімен көшіру:

Сілтеуші немесе Менің компьютерім-ді ашып, Менің құжаттарым бумасын ашыңыз. Көшіру қажет файлды немесе буманы ерекшелеңіз. <Ctrl> пернесін басып жібермей ерекшеленген файлды немесе буманы тышқан көмегімен Самал1 бумасына апарыңыз. Тышқан батырмасын және <Ctrl> пернесін жіберіңіз. Осы іс-әрекеттен кейін сіздің файлыңыз немесе бумаңыз Самал1 бумасына орналасады.

Пернетақта көмегімен көшіру: Кеңейтілуі «.doc» файлдарды тауып, көшіру қажет файлдар тобын таңдап ерекшелеңіз. Түзету-Көшіру (Правка-Копировать) командасын таңдаңыз. Самал2 бумасын ерекшелеңіз. Түзету-Енгізу (Правка-Вставить) командасын таңдаңыз. Самал2 бумасын ашып, сіздің файлдарыңыз осы бумада екеніне көз жеткізіңіз.

Аспаптар панеліндегі белгішелердің көмгімен көшіру: Кеңейтілуі «.doc» файлын ерекшелеңіз. Аспаптар панеліндегі Буферге көшіру пиктограммасын басыңыз. Содан кейін Самал1 бумасын ашып, Енгізу пиктограммасын басыңыз.