Файлдарды және бумаларды жылжыту

Тышқан көмегімен: Жылжытатын файлдарды және бумаларды ерекшелеңіз. Жылжытуға арналған файлдарды және бумаларды қажет дискіге немесе бумаға апарыңыз. Тышқан батырмасын жіберіңіз.

Пернетақта көмегімен: Жылжытуға қажет файлдарды немесе бумаларды ерекшелеңіз. Түзету-Қиып алу (Правка-Вырезать) командасын таңдаңыз. Таңдалған файлдарды немесе бумаларды жылжыту қажет дискіні немесе буманы белгілеңіз. Түзету-Енгізу командасын орындаңыз.

8. Өшіру және қайта қалпына келтіру

Сілтеушіні ашыңыз. Файл – Құру командасын таңдаңыз. Пайда болған ішкі мәзірден Документ Microsoft Word –ты таңдаңыз. Word құжатына Студент атын енгізіңіз. Студент файлын өшіру үшін, оны ерекшелеп, аспаптар панеліндегі Өшіру пиктограммасын шерту қажет.

9. Себет көмегімен өшіру.Сілтеуші бағдарламасын ашыңыз. Тышқанның сол жақ пернесін басып жібермей, Студент файлын себетке апарыңыз. Себетті ашыңыз, Түр (Вид) мәзірін қолданып файлдарды атаулары бойынша сұрыптаңыз. Студент файлын ерекшелеп, файл мәзірінің Қайта қалпына келтіру командасын орындаңыз.