Жаттығу

1. Интернет желісі «Хабар» телеарнасының мәліметтерімен танысу.

- Компьютерді желіге қосу;

- Internet Explorer программасын іске қосу;

- Программаның Адресөрісіне телеарнаның Интернет желісіндегі адресін http://www.khabar.kz енгізу;

- Елімізде болып жатқан соңғы жаңалықтармен, ауа райы мәліметтерімен танысу;

- Теледидар бағдарламасының фильмдер анонсын қарап шығу және оны өз компьютеріне көшіру.

2. Рамблер ақпараттарды іздестіру жүйесімен жұмыс.

- Рамблер жүйесін (http://www.rambler.ru) іске қосу. Нәтижеде экранда жарнамалық мәліметтер мен түрлі салалардың тізімі пайда болады.

- Салалар тізімінен Компьютерлер(Компьютеры) бөлімін таңдау;

- Программалық қамтамасыздандыру(Программное обеспечение) және Программалау(Программирование) бөлімдерін қарап шығу,

- Қажетті мәліметтерді компьютерге сақтау;

- Кері қайту (Назад)батырмасы арқылы Рамблер жүйесінің бастапқы бетіне өту;

- Ғылым(Наука) бөлімін таңдау және сәйкес web-беттерді экранда парақтап қарап шығу;

- Қажетті мәліметтерді компьютерге сақтау;

- Компьютерге және ғылымға қатысты мәліметтерді Іздеу(Поиск) өрісі бойынша іздестіру.

3. Электрондық почтамен жұмыс.

- www.ukgu.kz сайтын Internet Explorer қосылғаннан кейін шыққан адрес қатарына теріп, <Enter> пернесін басыңыз;

- Сайт мәзіріндегі почтақызметін таңдап, тышқанның сол жақ түймесін шертіңіз;

- Егер www.ukgu.kz сайтында сіздің (мысалы, name@ukgu.kz) электронды почтаңыз бар болса, онда оны e-mail адрес: қатарына теріп, Пароль: қатарына пароліңізді енгізіп «Войти» түймесін шертіңіз. Егер жоқ болса, онда «Создать учетную запись» түймесін шертіңіз;

- Ашылған бетке қажетті мәліметтерді енгізіп, «Закончить» түймесін шертіңіз;

- Сізге электронды почта ашылып, жұмыс істеуіңізге мүмкіндік беретін жұмыс үстелі пайда болады.

4. Электрондық хатты құру және жіберу.

- Кірістірілгендершартбелгісінде екі рет шертіңіз;

- Жаңа хабар батырмасын шертіңіз;

- Кімге мәтіндік өрісіне қажетті адресіңізді енгізіңіз;

- Тақырып өрісіне «хат» деп енгізіңіз;

- Төмендегідей хабарлама мәтінін енгізіңіз: «электрондық почтаның жұмысын тексеру»;

- Жөнелту батырмасын шертіңіз – шығатын хабар Шығарылғандар бумасына орналасады.

5. Файлдарды электрондық почтамен жіберу.

- Кірістірілгендер шартбелгісін екі рет шертіңіз;

- Іске қосу-Программалар-Стандарттар-Word мәтіндік редакторы командаларын таңдаңыз;

- «Файлдың жіберілуін тексеру» мәтінін енгізіңіз;

- Сақтау батырмасын шерту арқылы файлды сақтаңыз;

- Мәзір қатарында Файл-Жөнелтуқатарын таңдаңыз. Сонда Жаңа хабар терезесі ашылады;

- Кімгеөрісінде қажетті электрондық почтаның адресін енгізіңіз;

- Тақырып өрісінде: «Файл» мәтінін енгізіңіз;

- Хабарды жөнелту үшін Жөнелтубатырмасын шертіңіз.