Есептеуіш желінің жалпыланған құрылымы

Желі құрылымында коммуникациялық және абоненттік ішкі желілерді ерекшелеуге болады.

Коммуникациялық ішкі желі жұмыс станциялары мен серверлерді бір-бірімен байланыстыратын есептеуіш желінің ұйытқысы (ядро) болып табылады.

Коммуникациялық ішкі желінің буындары (осы жағдайда – коммутация тораптары) жоғары өткізушілік қабілеті бар магистралды байланыс каналдары арқылы өзара байланысқан. Үлкен желілерде коммуникациялық ішкі желіні мәлімет тарату желісі деп жиі атайды.

Абонеттік ішкі желі буындары (хост-компьютерлер, серверлер, жұмыс станциялары) коммутация тораптарына абоненттік байланыс каналдарымен – көбінесе бұл орташа жылдамдықты телефон байланыс каналдарымен қосылады.

Қолданылатын коммуникациялық ортаға байланысты желілер моноканалы бар желілерге, сондай-ақ, иерархиялық толық байланысы бар желілер және аралас топологиясы бар желілерге бөлінеді:

Моноканалы бар желілерде мәліметтер тек бір жолмен ғана жүре алады; бұларда абоненттердің ақпарат алуы мәліметтер пакеттерінің адрестік бөлімі бойынша таралатын кадрлар немесе мәліметтер пакеттерінің селекциясы (таңдау) негізінде іске асырылады. Барлық пакеттерді желінің барлық қолданушылары ала алады, бірақ пакетті онда көрсетілген адресі бар абонент ғана “ашып” ала алады. Ондай желілерді кейде ақпаратты селекциялауы бар желілер деп атайды.

Иерархиялық, көп байланысты және аралас топологиясы бар желілер мәліметтерді тарату үрдісінде бағдарлауды, яғни әрбір торапта ақпараттың әрі қарай бару жолын таңдауды қажет етеді. Бірақ, альтернативті, бір мәнді емес бағдарлау байланыс каналдар нұсқасы бар (ұялылық құрылым) желілерде ғана орындалады. Мұндай желілер ақпаратты бағдарлауы бар желілер деп аталады.

Желі топологиясы

"Топология" немесе "желі топологиясы" термині компьютерлердің, кабельдердің және басқа да желі компоненттерінің орналасуын сипаттайды. Топология - мамандар желі құрастыру негізін бейнелеуде қолданылатын стандартты термин. Желі топологиясы оның сипатына себепші болады. Осы немесе басқа топологияны тандауға мыналар әсер етеді:

- қажетті желілік жабдықтау құрамы;

- желілік жабдықтау сипаттамасы;

- желіні кенейту мүмкіндіктері;

- желі басқару әдісі.

Ресурстар мен басқа желі тапсырмаларын орындап, ортақ пайдалану үшін компьютерлер бір-біріне қосылуы қажет. Желіде бұл мақсат үшін көбіне кабель қолданылады. Бірақ басқа компьютерді қосып тұрған кабельді компьютерге қосу жеткіліксіз.

Әртүрлі кабельдер түріне сәйкесінше әртүрлі желілік тақшамен, желілік ОЖ-н және басқа да компоненттері компьютердін өзара орналасуын қажет.

Әрі желі топологиясынын шарттары бар. Мысалы, ол тек кабель түрін ғана емес, сонымен қатар оны қолдану әдістерін ұсынады.

Барлық желілер үш базалық топологияның көмегімен жасалынды:

- шинa (bus);

- жұлдызша (star);

- сақина (ring).

Егер компьютерлер бір кабель бойында жалғанса, онда бұл топология шина деп аталады. Егерде компьютер кабель сегментінде жалғанып және ол бір нүктеден немесе канцентратордан шыққан болса, онда бұл топология жұлдызша деп аталады. Егерде компьютер жалғанған кабель сақина түрінде болса, онда топологияны сақина деп аталады.

Негізінде базалық топология қиын болмағанымен негізінде олардың қиын комбинациялары кездеседі, яғни бір топология өзінде бірнеше топологияны біріктіреді.

Шинa

Шина тoпoлoгиясын көбінесе "сызықтық шина" (linearbus) деп атайды. Берілген топология ең қарапайым және көп тараған топологиясына жатады. Онда магисталь не сегмент деп аталатын бір кабелді қолданады, оған желінің барлық компьютерлері қосылған (25.1. сурет).