Сурет 25.1. «Шина» топологиялы қарапайым желі

 

"Шина" топологиясында компьютерлер мәліметтерді электрлі сигнал түрінде кабель арқылы белгілі бір компьютерге жібереді. Компьютердін шина арқылы әрекеттестік процесін түсіну үшін, келесі түсініктерді білу қажет:

- сигнал беру;

- сигнал шағылысуы;

- терминатор.

Деректер электр сигналдар түрінде желінін барлық компьютерлеріне жіберіледі, бірақ ол деректерді осы сигналға шифрланған мекен-жайына сәйкес компьютер қабылдайды. Сонымен қатар әрбір уақытта тек бір компьютер ғана жібере алады.

Желіде бір компьютер ғана деректерді жібергендіктен, оның өнімділігі шинаға қосылған компьютерлер санына байланысты. Олар көп болған сайын, желі баяуланады.

Шина – пассивті топология. Мұнда компьютер желі бойынша жіберілген деректерді «тыңдайды», бірақ жіберушіден алушыға оларды ауыстырмайды. Сондықтан егер компьютер істен шықса, онда басқаларға әсер етпейді.

Деректер не электрлік сигналдар барлық желі бойынша таралады – кабелдің бірінші ұшынан екіншіге қарай. Егер ешқандай арайы әрекеттер жасамасақ, онда кабелдің соңында сигнал шағылысып басқа компьютерлерге деректерді жіберу жұмысын істетпейді. Сондықтан деректер алушыға барғаннан соң, электр сигналдарын сөндіру қажет.

Электр сигналдары шағылыспас үшін кабелдің әрбір ұшына осы сигналдарды жұтатын терминатор (terminators) қондырғысын қою қажет.