Жұлдызша

"Жұлдызша" топологиясында кабель сегмент көмегімен барлық компьютерлер концентратор (hub) аталынған орталық компонентке қосылады. Беруші компьютерден сигналдар концентратор арқылы барлығына келіп түседі. Бұл топология есептеуіш техниканын алғашкы кезінде, компьютерлер орталық басты компьютерге жалғанған кезде пайда болған (89 сурет).

"Жұлдызша" топологиялы желіде желі конфигурациясын басқару мен кабельді қосу орталықтандырылған. Бірақ кемшілігі де бар, барлық компьютерлер орталық нүктеге қосылғандықтан, үлкен желілер үшін кабельдер шығыны едәуір көбейеді. Сонымен қатар орталық компонент жұмыс істемей қалса онда барлық компьютерлер де жұмыс істемей қалады. Егер бір компьютер жұмыс істемей қалса (немесе коннектормен косатын кабель), онда тек осы компьютер гана желімен деректер не жібере не кабылдай алмайды. Желідегі басқа компьютерлерге бұл әсер етпейді.