Сурет 25.2. Жұлдызша топологиялы қарапайым желі

 

Егер желіде тек қана бір компьютер концентратормен байланып істен шықса, онда осы ғана компьютер желіде ақпарат ала алмайды. Қалған желідегі компьютерге әсер етпейді.

Сақина

"Сақина" топологиясында компьютерлер сақина тәрізді бекітілген кабельдерге қосылған. Сондықтан кабелде терминатор қосатын бос ұш болмайды. Сигналдар бір бағытта сақина аркылы жіберіліп, әрбір компьютерден өтеді. Белсенді емес шина топологиясына қарағанда, мұнда әрбір компьютер репитер ролін атқарып, сигналдарды күшейтіп, келесі компьютерге жібереді. Сондықтан бір компьютер жұмыс істемей қалса, онда барлық желі қызметі тоқтайды (90 сурет).

Сақиналы желіде деректер беру принциптерінін бірі маркер беру деп аталады. Маркер бір компьютерден келесіге көшіп жүре береді. Хабар жіберетін компьютер маркерге адресті енгізіп хабарын кіргізеді. Адресатқа жеткенше маркер жолдағы әрбір компьютерден өтеді.

Адресат хабарды алған сон адресантқа деректерді алғаны туралы сигнал жібереді. Адресант дәлелдеме алған сон, жана маркер құрып, оны желіге қайтарады. Бірден қарағанда маркер беруі көп уақыт алатын сияқты болып көрінеді, бірақ маркер жарық жылдамдығымен қозғалады. 200 м сақинада маркер секундына 10000 айналым жиілігімен айнала алады.