Жергілікті желімен жұмыс істеу тәртібі

Жұмыс үстелiнде жсргiлiктi желiмен жұмыс icтeyгe арналған Желiлiк орта калтасының белгiшесi көрініс табады.

Компьютерлердi жергiлiктi желiге бiрiктiру үшiн әрбір компьютерде желiлiк бейiмдеyiш немесе желiлiк тақша орнатылған болуы тиiс. Компьютерлердің казіргі заманға сай модельдерiнде әдетте желiлiк бейiмдеyiш аналык тақшаға бiрге орнатылған болады.

Желiдегi әрбір компьютерді жұмыс станциясы деп те атайды. Әрбір жұмыс станциясының атауы бар және ол қандай да бiр жұмыс тобына жатады. Компьютердің атын бiлу оны жергiлiктi желiде таба алу үшiн қажет.

Компьютердің аты мен жұмыс тобының атауын қарау үшiн Менің компьютерім белгішесін тышқанның оң жақ пернесімен шертiп, жанама (контекстік) мәзірдің Сипаттар тармағын таңдап, ашылған терезеде Компьютердің атауы косымшасына өту керек.