Интернет желісі туралы жалпы түсінік

Интернет желісін ұйымдастыру үшін қор болып ғылыми ұйымдардың, әскери мекемелердің компьютерлерін байланыстыру үшін 70ж. Басында құрылған АҚШ-ң ARPANET қорғаныс министрлігі табылады. Ядроллық шабуыл кезінде Пентагонның көмегімен қайта өмір сүруге қабілеттті, сыртқы әсерге тұрақты жабық инфрақұрылым сияқты желі құрылды.

Уақыт өте келе желі стратегиялық мәнін жоғалта бастады; оның негізгі клиенті болып жеке адамдар және мемлекеттік емес компьютерлік желілер табылды. Интернет атауының өзі оның белгілерін көрсетеді: тұтас ақпараттық кеңістікке жеке лолкальды, аймақтық және глобальды желіні біріктіреді. Интернет өзіне қосылған желінің құрамына кіретін барлық компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді. Компьютердің типі және ОЖ-нің мәні маңызды емес.

Интернет негізін жоғары жылдамдықты телекоммуникациялық магистральды желі құрайды. NAP желілік қатынау нүктесі арқылы магистральды желіге автономды желі қосылады. Оның әрқайсысы өзінің административті басқармасына, өзінің ішкі маршрутизациялау хаттамасына ие. Мұндай автономды желіге мысал ретінде, Орталық Европа мемлекеттерін кіргізетін EUNet желісін, Россия университтерін біріктіретін RUNet желісін алуға болады. Автономды желі Интернетке қатынау қызметін көрсететін провайдер компаниясын қалыптастырды.

Интернеттің негізгі ұяшығы – локальды есептеуіш желісі. Бірақ, Интернетке өз бетімен қосылған локальды компьютерлерде бар.

Интернетке жалғанған локальды және желілік компьютерлер хост-компьютерлер деп аталады (Host - Басшы).

Егер кейбір локальды желі Интернетке жалғанса, онда осы желінің жұмыс станциясы желінің хост-компьютер арқылы Интернетке шыға алады.

Интернетке жалғанған әрбір компьютердің өзінің адресі болады. Сол арқылы абонент оны әлемнің кез келген нүктесінен таба алады.

Негізгі параметрі – Интернет желісіне қатынау жылдамдығы. Ол автономды жүйе ішіндегі, арасындағы байланыс каналының өткізгіштік қабілетімен анықталады. ДК-дің индивидуалды қолданушылары қолданатын коммутивтелген телефонды байланыс каналы бойынша модемдік қатынау үшін – 19 кБит/с-тан 56 кБит/с дейінгі жылдамдық; ерекшеленген телефонды байланыс бойынша қатынау (кішірек локальды есептеуіш жүйесі үшін) жылдамдығы 64 кБит/с-тан 2 мБит/с дейінгі аралықта; талшықты-оптикалық және спутникалық байланыс каналы арқылы байланысты ұйымдастыратын желі үшін өткізгіштік қабілет 2 мБит/с аспайды.

Интернет желісінің құрылымы – типтік клиент-сервері, яғни «клиент» желісінен ақпаратты алатын, жәнеклиентті «сервер» ақпаратымен толықтыратын компьютерлер бар.

Интернеттің негізгі ерекшілігі – ол әртүрлі желіні біріктіре отырып, ешқандай иерархияны құрмайды, яғни желіге жалғанған барлық компьютерлер тең