Яndex іздеу жүйесі

Танымал әлемдік, ақпарат іздеу жүйелерінің (АІЖ) басқаларын атаймыз:

-Іnktomі (www.іnnktomі.com);

-Fast Search (www.alltheweb.com);

-Hot Bot (hotbot.lycos.com);

-Metacrawler (www.metacrawler.com);

-Lycos (www.lycos.com);

-Northern Lіght (www.northernlіght.com).

Ақпарат іздестіру жүйелері екі базалық компоненттерден тұрады. Бірінші компонент робот-программасы ретінде ұсынылады. Онын міндеті - серверден серверге ауысып жүріп, жаңа немесе өзгерген құжаттарды тауып, басты компьютерге көшіріп жазу. Сонымен қоса робот-программасы құжат ішінде кездесетін сілтемелерге көңіл бөліп, солар арқылы ақпарат жинақтайды. Жаңадан табылған құжаттар өңделеді, яғни индекстеледі. Индекстеуді (индексті файлды құрастыруды), іздеу жүйесінің екінші компоненті жасайды. Әдетте, ереже бойынша құжат ішіндегі барлық элементтері есепке алынады – суреттер, аудио-, видеофайлдар және т.с.с. Құжаттағы барлық сөздер индекстеледі. Индекстік файлда қандай құжатта, серверде сөз неше рет қолданды деген ақпарат жазылады. Сұрау нәтижесін арнайы модуль орындайды.

Ақпарат іздестіру жүйелері пайдаланушылардын сұраныстарын қанағаттандыру жұмыстарынын арқасында көптеген қаржылық табыста.

Интернет – жалпы тіл көмегімен мәліметтер алмасатын компьютерлердің ауқымды желісі. Интернет жұмысы халықаралық телефонды жүйе жұмысына ұқсайды. Жеке қожайын немесе басқарушы болмайды, бірақ бәрі және бір үлкен желі ретінде жұмыс жасайды.

World Wіde Web (қысқаша WWW немесе Web) қызметінде құжаттар іздеуге ыңғайлы графикалық интерфейсы болады. Бұл құжаттар және де олардың арасындағы байланыс Web кеңістігін құрады.

Web беттерін немесе файлдар өзара байланысты. Басқа бетке өту үшін, арнаулы мәтінге немесе графикалық объектіне гиперсілтеме деп аталатын көрсеткіш орнатып және тышқан батырмасын басу керек.

Web беттерінде бейне, дыбыс жазбасы, суреттер және мәтін қажеттіліктердің барлығы болуы мүмкін және бұл беттер жер шарының кез-келген жерінде орналасқан компьютерде болуы мүмкін. Web-қа қосылғанда бүкіл әлемдік ақпараттық қызметке кіруге мүмкіндік туады.

 

Тақырып бойынша тест сұрақтары:

1. Ауқымды (глобальды) компьютерлік желіде компьютерлер арасында байланыс орнату үшін мынадай ресурстар қажет:

А) компьютер, модем, желіде жұмыс істеуді сүймелдейтін программалық жабдықтамалар;

Ә) компьютер, желілік адаптер, байланыс арнасы (каналы), осыларға сәйкес программалық жабдықтамалар*,

Б) компьютер, модем, желілік адаптер;

В) компьютер, телефондық аппарат, интернет – карта.

2. Модем мынадай қызмет атқарады:

А) Модуляция жасайды (екілік информацияны аналогтық түрге айналдыру)

Ә) демодуляция жасайды (аналогтық информацияны екілік түрге айналдыру)

Б) модуляция және демодуляция жасайды;

В) сигналдарды күшейту.

3. Телефон арнасы арқылы байланыса алатын компьютерлер бір – бірімен қандай хаттамамен мәлімет алыса алады?

А) IP

Ә) ТСР/IP

Б) ТСР

В) URL

4. Интернет желісімен жұмыс істеу үшін ... болу керек.

А) компьютер, модем, телефон

Ә) компьютер, сканер, модем

Б) компьютер, телефон

В) компьютер, модем, принтер

5. http://www.soccer.ru/dinamo/rus/index.html адресіндегі index.html нені білдіреді?

А) протокол

Ә) адрестің домендік бөлігі

Б) сервердің каталог аты

В) Wев парақтары файлының аты

6.Желіге қосылған компьютерлерде қандай адрес тұрақты болады?

А) URL адресі

Ә) ІР адресі

Б) DNS адресі

В) SRL адресі

7.Көптеген ақпараттар түрлері жинақталған арнаулы компьютер

А) ақпараттар сервер

Ә) клиент – сервер

Б) Pentium 2/350 МГц

В) модем

8.Интернетпен қосылуды жүзеге асыратын заңды тұлға

А) сервер

Ә) протокол

Б) провайдер*

В) модем

9. Web сайт жасауға арналған программалау тіліне гипермәтіндік белгілеу тілі

А) HTML

Ә) HTTP

Б) Pascal

В) Java

10. Бір – бірімен қашықта, мыңдаған шақырымда орналасқан бірнеше жергілікті желілерді байланыстыратын жабық желі түрі

А) корпоративтік желі*

Ә) ауқымды желі

Б) жергілікті желі

В) компьютерлік желі

11. Internet Explorer - бұл:

А) Өзара байланысқан құжаттар жүйесімен қарым қатынас жасауға мүмкіндік беретін бағдарлама;

Ә) Іске қосу файлы;

Б) Сілтеуіш оның қөмегімен Internet желісіне кіруге болады;

В) Электрондық поштаны іске қосу жәшігі;

Г)Файлдарды және бумаларды басқару программасы;

12. Осы бағдарламалар ішінде қайсысы броузер бағдарламасы болатынын көрсетініз:

А) Access;

Ә) Excel;

Б) Word;

В) Internet Explorer;

Г) Delphi;

13.Шектелген аймақты (территорияны) қамтитын есептеу жүйесі қалай аталады?

А) Глобальдік;

Ә) Өндірістік;

Б) Локальдік;

В) Территориалық;

Г) Корпоративтік;

14. HTML дегеніміз не?

А) Құрылымдық сұраным тілі;

Ә) Ара-қатынас тілі;

Б) Төменгі деңгейлі бағдарламалау тілі;

В) Жоғары деңгейлі бағдарламалау тілі;

Г) Гипермәтіндік белгілеу тілі;

15. Жергілікті желінің тиімді топологиясын көрсетіңіз.

А) Глобальды желі;

Ә) Сақиналық;

Б) Біршендік;

В) Шиналық;

Г) Жұлдыз схемасы бойынша топология;

16. Жергілікті есептеу желісі дегеніміз – ол:

А) Алыс ара қашықтықта хабарласуды қамтамасыз ететін, өзара кабельдермен жалғанған ДК жиыны;

Ә) Алыс ара қашықтықта, қолданушылар арасында өзара мәтіндік ақпараттар алмасу тәсілі;

Б) Қандай да бір мәліметтерді ара қашықтықтарда беруге арналған шартты белгі;

В) Ара қашықтықта сөйлесуді беруге арналған электро байланыс түрі;

Г) Есептеу ресурстарын бірігіп қолдану және қолданушылар арасында ақпарат алмасу мақсатымен, өзара кабельдер арқылы қосылған бірнеше дербес компьютерлер;

17. Екі немесе бірнеше компьютерлерді физикалық қосқанда не құрылады?

А) Компьютерлік желі;

Ә) Байланыс каналдармен қосылған комплекс терминалдары;

Б) Жұмыс станциясы;

В) Wеb-сервер;

Г) Бірігіп есеп шығару үшін бірнеше ЭЕМ-ді біріктіру

18. WWW –дегеніміз не?

А) Бүкіләлемдік өрмек;

Ә) Локальдік жүйе;

Б) Телеконференция;

В) Электрондық пошта;

Г) Мәтіндік файл;

19. Домен – дегеніміз не:

А) НТМL форматындағы электрондық құжат;

Ә) Интернет желісінде файлдарды іздеу бағдарламасы;

Б) Желі бөлігін құрайтын және каталог жалпы деректер базасын қолданатын компьютерлер тобы;

В) Вирусқа қарсы бағдарлама;

Г) Пошта адресі;

20. Жергілікті желінің топологиясының ең арзаны қайсысы?

А) "Жұлдызша сақина";

Ә) "Сақиналы";

Б) "Шиналық" қосылуы;

В) "Ағаш түріндегі" қосылуы;

Г) "Жұлдызша” қосылуы;

21. Интернет парағының адресі неден басталады:

А) http://www;

Ә) E-mail://www;

Б) @E-mail;

В) E-mail://;

Г) http:// E-mail;

22. Жергілікті желінің ауқымды желіден айырмашылығы неде:

А) Компьютерлердің құрылымымен;

Ә) Бағасымен;

Б) Іске қосылу ерекшелігімен;

В) Жаулап алу көлемімен;

Г) Қосылу уақытысымен;

23. Желіде мәліметтерді жіберу жылдамдығының өлшем бірлігін көрсетіңіз:

А) Бит/сек;

Ә) Байт;

Б) Секунда;

В) Герц;

Г) Бод;

24. Web парақтың кеңейтілу аты қандай?

А) *.web;

Ә) *.exe;

Б) *.doc;

В) *.htm;

Г) *.txt;

25. Компьютерлік желі - ол:

А) Бірігіп есеп шығару үшін бірнеше ЭЕМ-ді біріктіру;

Ә) Үлкен ЭЕМ-ға байланыс каналдармен қосылған комплекс терминалдары;

Б) Бір орталыққа орналастырылған компьютерлер тобы;

В) Мультимедиалық компьютер принтерімен, модемімен және факсымен;

Г) Компьютерлік желілерде ақпараттарды өңдеу технологиялары;

Лабораториялық жұмыс №27 (1 сағат)

Тақырыбы: «Графикалық жүйелер»

Жұмыстың мақсаты: Графикалық жүйелерді оқып-үйрену

Тапсырма:

1. Түстік модельдермен танысу: rgb, hsb, cmyk

2. Растрлық және векторлық графика жүйелерін қарастыру

3. Бейнеақпаратты шығару құрылғыларына сипаттама беру

4. Графикалық коммуникацияларды оқып-үйрену

5. Есеп беруді құру