Теориялық мәлімет

 

Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.

Статистикаға сүйенсек, жаппай қолданыста жүрген программаларды жасап шығарушы программистік ұжымның қызметкерлері өз жұмыстарының 90 % уақытын осы графикамен шұғылдануға жұмсайды.

Графикалық программаларды кең көлемде қолдану қажеттілігі Интернеттің және бірінші кезекте миллиондаған интернет парақтарын бір «өрмекпен» байланыстырған World Wide Web қызметінің пайда болуынан туындады.

Қазіргі компьютерлік графика тек көркемдеу мен безендірумен үшін ғана емес, ғылым мен медицинаның барлық саласында, коммерциялық және әкімшілік қызмет орындарында алуан түрлі ақпаратты көрнекі түрде көрсету үшін сызбалар, графиктер, диаграммалар жасау үшін қолданылады.

Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:

l Ғылыми графика.

l Іскерлік графика

l Контрукторлық графика

l Суреттеу графикасы

l Жарнамалық графика

l Компьютерлік анимация

l Мультимедиа

Компьютерлік ғылыми графика әр түрлі есептеу тәжірибелерін жүргізіп, олардың нәтижесін көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді. Есептерден шыққан нәтижелерді дұрыс түсіну үшін оларды графикалық тұрғыда өңдеп, графиктер мен диаграммалар, сызбалар тұрғызады.

Кейін сызбалар мен графиктерді қағазға қаламұштың көмегімен сызатын арнайы құрылғылар – графиксалғыштар (плоттерлер) пайда болды.

Іскерлік графика – қандай да бір мекеме жұмысының көрсеткіштерін көрнекі түрде ұсыну үшін қолданылатын компьютерлік графиканың маңызды саласы. Іскерлік графиканың көмегімен жоспар көрсеткіштерін, есеп-құжаттарын, статистикалық есептерді және т.б. объектілерді көрнекі түрде ұсынуға болады. Іскерлік графиканың программалық жабдықтары электронды кестелердің құрамында болады.

Конструкторлық графика - инженер-конструкторлардың, архитекторлардың, жаңа техниканы ойлап шығарушы өнертапқыштардың жұмысында қолданылады. Компьютерлік графиканың бұл түрі САПР-дың(систем автоматизации проектирования- жобалауды автоматтандыру жүйесі) міндетті элементі болып табылады. Конструкторлық графика құралдарын пайдалана отырып жазықтықтағы кескіндерді (проекциялар, сызбалар) ғана емес, кеңістіктегі үшөлшемді кескіндерді де жасауға болады.

Суреттеу графикасы (көркем графика) - деп компьютер экранында ерікті түрде сурет салу мен сызуды айтады. Суреттеу графикасының пакеттері жалпы мақсатта пайдаланылатын қолданбалы программалық жасақтамалардың қатарына енеді. Суреттеу графикасында қолданылатын қарапайым программалық жабдықтарды графикалық редакторлар деп атайды.

Жарнамалық графика – теледидар пайда болғаннан кейін танымал бола бастады. Қазір компьютердің көмегімен жарнамалық роликтер, мультфильмдер, компьютерлік ойындар, видеодәрістер мен видеопрезентациялар жасалады. Осы графикалық пакеттердің басты ерекшелігі ретінде олардың шыншыл кескіндер мен «қозғалатын суреттерді» жасау мүмкіндігін айтуға болады. Үшөлшемді объектілерден тұратын суреттерді салу, оларды бұру, жақындату, аластату, деформациялау үлкен көлемде математикалық есептеулерді қажет етеді.

Компьютерлік анимация деп дисплей экранында қозғалатын кескіндерді жасау өнерін айтады. Белгілі бір жиілікпен бірінен кейін бірі пайда болатын суреттердің жиынтығының экрандағы қозғалатын суреттерін бейнелеуге мүмкіндік береді.

Компьютерлік графиканың түрлері

Компьютерлік графика үш түрге: растрлық, векторлық және фракталдық болып бөлінеді. Олар бір-бірінен монитор экранында бейнелену және қағаз бетіне басып шығарылған кезде кескіндердің қалыптасу принциптері бойынша ажыратылады.

Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады.Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады.

Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады. Мұндай типті кескіндер Adobe Photoshop, Corel Photo, Photofinish секілді қуатты графикалық редакторларда өңделеді.

Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.

Векторлық графикамен жұмыс істеу үшін құрал – саймандар тақтасы жұмыс аймағының сол жақ шетінде орналасқан және таңдау облыстарының құралдарынан тұрады.

Фракталды графикавекторлыға ұқсас метематикалық есептеулерге негізделеді. Бірақ фракталды графиканың базалық элементі математикалық формуланың өзі болады, сондықтан компьютер жадысында ешқандай объект сақталмайды және бейнелеулер тек қана деңгейлермен құрылады. Осындай тәсіл сияқты қарапайым құрылымдар және дәл осылай күрделі көркемдеулер, еліктейтін табиғи көріністер және үш өлшемді объектілер салынады.

Үш өлшемді графика.

Физикалық объектілерді компьютерлік үлгілеулер,инженерлік жобалаулар, ғылыми есеп-қисаптар, бұлар үш өлшемді графикада кеңінен қолданады.

Машиналық графика терминологиясында нүктелі бейнелеулерді массивті пиксель деп атау қалыптасқан – геометриялық пішіндердің мөлшері мен нысаны бірдей (көбінесе), түйіндердің жүйелі орналасуы(яғни нысаны мен мөлшері бірдей ұяшықтардан құралған) торлар.

 

Өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар:

 

Осы тақырып бойынша баяндама, реферат дайындаңыз.

 

Лабораториялық жұмыс №28 (1 сағат)

Тақырыбы: «Графикалық қосымшалармен жұмыс істеу»

Жұмыстың мақсаты: Графикалық редакторлармен жұмыс істеу принциптерін оқып-меңгеру

Тапсырма:

1. Графикалық бағдарламаларды оқып-меңгеру. Оларға қысқаша сипаттама беру

2. Paint интерфейсімен танысу

3. Paint графикалық редакторында жұмыс принциптерін меңгеру

4. Paint-та графикалық құжатты құру

5. Есеп беруді құру