Пуск — Программы -> Стандартные -> Paint

Paintтерезесінің сол жағында төртбұрыштар түрінде енгізілген аспаптар панелі бар. Құралдар- терезеде түрлі суреттер мен фигуралар салып, жанына мәтін жазу және оларды таңдау, терезені не оның бір бөлігін тазалау сияқты әрекеттерді орындайтын құралдардың белгішелері. Терезеде кескін салу не басқа әрекеттер үшін алдымен сәйкес құралды шертіп, таңдап алу керек.

Терезеде сызылатын сызықтардың түстері мен қалыңдықтары түрлі-түрлі болуы мүмкін. Түстер терезенің төменгі қатарында орналасқан сәйкес панелден таңдалады. Символ түсін және құралды таңдау үшін көрсеткішті олардың үстіне әкеліп, тышқанның сол жақ түймесіп, ал фон түсін таңдау үшін оң жақ түймесін шерту керек.

Paint терезесінің көрсеткіш құралдарын екі топқа бөлуге болады:

1) сурет салушы, бояушы, өшіруші, мәтін жазушы және суретті не оның үзіндісін таңдаушы;

2) сызықтар сызушы және фигуралар салушы.