Екінші топ құралдары

Paintредакторының кескіндер, фигуралар салу құралдары алтау: сызық, қисық, тік төртбұрыш, көпбұрыш, эллипс, бүйір қабырғалары дөңгелектенген тік төртбұрыш. Олармен жұмыс істеу тәсілі де жоғарыдай сияқты. Мысалы:

Сызық (линия), қисық (кривая)- түзу, қисық сызықтарды сызу құралдары. Түзу кесіндісін сызу тәсілі:

1.Түсті, сызық қалыңдығын және құралды таңдау.

2.Көрсеткішті сызықтың бас нүктесіне апарып, тышқан түймесін басу (ол - сызық басталатын нүктені бекіту командасы).

3.Түймені босатпай, көрсеткішті жоспарланған сызықтың шеткі нүктесіне дейін жылжытып, түймені босату. Түзу кесіндісі сызылып шығады.

Қисықты сызу түзу кесіндісін сызу сияқты орындалады, бірақ түймені босатқан соң көрсеткішті кесіндінің орта жеріне апарып, оны әрі-бері жылжыту керек. Кесінді майыса бастайды. Майысу түріне қанағаттанған кезде түймені босату керек.

Сызықтыпайдаланып, қатаң түрде тік, көлденеңне 45°-қа көлбеутүзу кесінділерін сызу үшін тышқан түймесімен бірге Shiftтүймесін басып түру керек. Ең соңында ретімен түймені босатып, Shiftтүймесін қоя берсе болғаны.

Төртбұрыш және Сопақ фигураларқұралдарын пайдалану әдісі жоғарыдағы сияқты. Қатаң түрде квадрат, шеңбер не дөңгелек сызу үшіи көрсеткішті жылжыту кезінде тышқан түймесімен бірге Shift пернесін де басып тұру керек. Ең соңында ретімен түйме және Shift пернесінің босатылуы тиіс.

Көпбұрыш (многоугольник)салу тәсілі:

1.Түсті, сызық қалыңдығын және құралды таңдау.

2.Сызғыш арқылы түзу кесіндісін салу әдісі бойынша оның бірінші қабырғасын сызып, түймені босату.

3.Түймені басып тұрып, екінші қабырға салу, т.с.с.

4.Ең соңғы қабырғаны салып, түймені босатқан соң, түймені екі
рет шерту.

Көпбұрыш автоматты түрде түйықталады.

Өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар:

1. Графикалық редакторды іске қосыңыз. Түзу сызық аспабының көмегімен негізгі және фондық түстерді қолдана отырып, палитрадағы барлық түстермен әртүрлі қалыңдықтағы сызықтар салыңыз. Палитраға қосымша үш түс қосыңыз да, осы түстерді пайдаланып, сызықтар салыңыз. Олардың көшірмесін алып, экранға бірнеше данасын орналастырыңыз.

2. Тік төртбұрыш, эллипс, жұмырланған тіктөртбұрыштар сызыңыз, әрқайсысы әр түрлі түспен және әр түрлі қалыңдықтағы сызықтармен, салуға болатын барлық режимде сызылған болсын.

3. Боялмаған эллипс салыңыз да, бүріккіш аспабының көмегімен салынулы тұрған фигуралардың бірінің түсіне бояңыз. Қайтадан ақ түске бояңызда, тамызғыштың көмегімен палитрадағы басқа бір түске бояңыз.

4. Кез келген радиусты шеңбер сызыңыз. Оны қара сызықпен сызыңыз да, ішін қызылға бояңыз, осындай шеңберді бір ғана әрекетпен сызыңыз.

5. Тіктөртбұрыш, жұмырланған тіктөртбұрыштарды да, сыртын бөлек, ішін бөлек түспен бір ғана әрекет орындау арқылы сызыңыз.

6. Салынған суреттердің бәрін ерекшелеңіз де өшіріп тастаңыз.

7. Түзу сызық аспабын пайдалана отырып, x және y осьтерін сызып, қисық сызық аспабының көмегімен синус немесе косинус графигін тұрғызып көріңіз.

8. Әр осьтің атын және қайсы функциясының графигін екенін көрсетіп жазыңыз.

9. Осы графикті экран бетіне тасымалдаңыз. Көшірмесін алып, экранның төрт бұрышына төртеуін орналастырыңыз, егер графигіңіз ұнамды жақсы шықса, График деген атпен сақтап қойыңыз.

10. Кез келген көптөртбұрышты салыңыз, оның ішін бүрку арқылы бір түспен, одан кейін бояу арқылы екінші түспен бояңыз.

11. Көпбұрыштың бір бөлігін тік төртбұрыш етіп қиып алып басқа орынға орналастырыңыз. Екінші бөлігін қисық сызықты етіп қиып алып, оның оң жағына орналастырыңыз, екі бөліктің арасын қарындаш аспабының көмегімен қызыл түспен ажыратып қойыңыз.

12. Пайда болған суретті 90, 180, 270 градусқа бұрыңыз, олардың шағылған бейнесін көрсетіңіз. Сурет мөлшерін қалаған шамаға көлденең және тік бағытта өзгертіңіз.

13. Сурет атрибуттарын анықтаңыз да, оларды өзгерте отырып, болған жағдайда анализ жасаңыз. Суретті әртүрлі масштабта қараңыз.

14. Суретті өшіргішпен тұтас өшіріңіз.

15. Құттықтау немесе шақыру билетін жасаңыз да, өзіңізге ұнайтын етіп әшекейлеңіз.

16. Аспаптарды, барлық фон түстерін пайдалана отырып, өз ойыңыздан кез келген бір сурет (гүл, ағаш, тау немесе көбелек) салыңыз.

17. Осы суретті Жұмыс үстеліне орналастыруға болатындай етіп сақтаңыз.

18. Жұмыс үстеліне орналастыруға болатын суреттер сақталған файлдарды ашып көрсетіңіз.

19. Кез келген бір суретті таңдап, оған өзгертулер енгізіңіз.

20. Өзіңіз құрған суретті қағаз бетіне шығарыңыз.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Графикалық редакторлардың негізгі қандай топтары болады. Paint қандай түріне жатқызуға болады?

2. Қандай басқада графикалық редакторларды білесіз?

3. Paint графикалық редакторын қалай іске қосады. Оның қандай мүмкіндіктері бар?

4. Осы редактордың саймандар тақтасы, меню қатары палитрасының атқаратын қызметтерін түсіндіріңіз.

5. Саймандар тақтасындағы аспаптарға түсініктеме беріңіз.

6. Негізгі және фондық түстер қалай таңдалынады?

7. Тышқанның оң батырмасының көмегімен сурет салуға болады ма?

8. Палитрадағы түстер құрамына басқа түстерді қалай қосуға болады?

9. Графикалық редаторда мәтін жазу мүмкіндігі бар ма? Оның атрибуттары қалай аталады?

10. Салынған суреттің көшірмесі қалай алынады?

11. Сурет атрибуттары қалай анықталады?

12. Жұмыс алаңы қандай өлшем бірліктермен өлшенеді?

13. Буфердегі сурет экранның қай жерінде орналастырылады?

14. Paint графикалық редакторында салынған суреттер қандай типпен сақталады? Оны басқа программаларда қолдануға болады?

15. Салынған суреттермен қандай әрекеттер орындауға болады?

16. Графикалық редакторда салынға суретті Жұмыс үстеліне орналастыруға болады ма?

Лабораториялық жұмыс №29 (1 сағат)

Тақырыбы: «Графикалық бағдарлама ортасында жұмыс»

Жұмыстың мақсаты: Графикалық бағдарламамен жұмыс істеу принциптерін оқып-үйрену

Тапсырма:

1. Графикалық бағдарламалардың бірі ортасында жұмысты қарастыру

2. Графикалық құжатты құру

3. Есеп беруді рәсімдеу