Санау жүйесінің түсінігі және оның түрлері.

Санау жүйесі – бұл сандардың аталу және жазылу тәсілдерінің жиынтығы.

 

 

Позициялық емес санау жүйесінде цифрдың мағынасы оның тұрған орнына (позициясына) тәуелсіз болады. Мысалы, Рим цифрлары IX (9), XII (12), ХХХ (30).

Позициялық санау жүйесінде цифрдың мағынасы оның тізбектегі орнына (позициясына) тәуелді болады. Мысалы, 353 санында 3 – жүздікті, 5 – ондықты, 3 – бірлікті білдіреді.

Базис – белгілердің тізбектік жиынтығы (алфавиті).

Негіз – санау жүйесіне енетін базистер саны.

Екілік санау жүйесі

Негіз: q = 2.

Алфавит: 0, 1.

Сегіздік санау жүйесі

Негіз: q = 8.

Алфавит: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7.

Ондық санау жүйесі

Негіз: q = 10.

Алфавит: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.

Он алтылық санау жүйесі

Негіз: q = 16.

Алфавит:0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, A, B, C, D, E, F.