Дістемелік нұсқау.

 

Есептеу процесінің үш түрі бар:

· Сызықтық

· Тармақталу

· Циклдық

Сызықтықдеп есептеудің барлық кезеңдері табиғи тәртіппен орындалатын, яғни сызықты, есептеу процесін айтады. Мұндай алгоритмнің блок-схемасы, олардың орындалу тәртібімен бірінің артынан бірі тізбекті түрде орналасқан блоктар тізбегін көрсетеді.

Мысалы:

Тармақтықдеп есептеу бағыты бастапқы шарттан немесе аралық нәтижеден тәуелді болғандағы есептеу процесін айтады. Тармақтық құрылымнан тұратын алгоритм, есептеу тармақтары деп аталатын, бірнеше алдын ала қарастырылған (мүмкін) бағыттардың біреуі бойынша орындалады.

Мысалы:

 

Циклдық процестер - біртипті, көпретті қайталанатын есептеу бөліктерінен тұратын есептеу процестерін айтады.

Мысалы:

 

Өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар:

 

7 лабораторлық жұмыста берілген.

 

Лабораториялық жұмыс №9 (1 сағат)

Тақырыбы: «Бағдарламалау тілдері»

Жұмыстың мақсаты:Бағдарламалау тілдерінің жіктелуін, бағдарламалаудың негізгі конструкцияларын оқып-меңгеру

Тапсырма:

1. Бағдарламалаудың қазіргі тілдерінің жіктелуін қарастыру

2. Бағдарламалау тілдерінің қасиеттерін сипаттамалау

3. Бағдарламалаудың негізгі конструкцияларын оқып-үйрену

4. Алдында меңгерілген бағдарламалау тілдерінде бағдарлама мысалдарын келтіру

5. Есеп беруді құру