Теориялық мәлімет

Алгоритмді компьютерге бағдарламалау тілдері түсінікті етіп көрсете алады. Алдымен әрқашан да алгоритм әрекеті әзірленеді, сонан кейін ол мұндай тәсілдердің бірінде жазылады. Жалпы қорытындысында программа мәтіні-толықтай аяқталған, алгоритмді бағдарламалау тілінде бүге-шігесіне дейін сипаттаған күйінде пайда болады. Содан соң программаның бұл мәтіні транслятор деп аталатын арнайы қызмет қолданбаларымен өңдеуден өтеді немесе машина кодына аударылады, не болмаса орындалады.

Бағдарламалау тілдері - жасанды тілдер. Олардың табиғи тілдерден айырмашылығы - мағынасы трансляторға түсінікті болатын әрі жазу командасының қатаң ережесіне бағынатын сөздері шектеулі болады. Мұндай талаптардың жинтығы Бағдарламалау тілінің синтаксисін қалыптастырады, ал әрбір команданың және тілдің басқа да конструкциясы - оның семантикасын қалыптастырады. Бағдарламаларды жазудың формасы бұзылатын болса, бұл транслятордың оператор міндетін түсінбей қалуына әкеп соғады және синтаксистік қате туралы хабарлайды, ал команда тілін пайдалануға қажетті алгортимге жауап бере алмайтын дұрыс жазу семантикалық қателікке ұрындырады.

Бағдарламалау тілінің көмегімен дайын программа емес, оның бұрын әзірленген алгоритмді суреттейтін мәтіні ғана жасалады. Жұмыс істейтін программаға қол жеткізу үшін бұл мәтінді автоматты түрде машина кодына ауыстыру керек, содан соң оны бастапқы мәтіннен бөлек пайдалану қажет немесе программа мәтінінде көрсетілген тіл командасын бірден орындау керек.