Теориялық мәлімет

 

Процедуралық бағдармалау дегеніміз - белгілі бір әрекетті жүзеге асыру үшін (мысалға, нүкте салу) бірінен соң бірі орындалатын қадамдар, процесс.

Мысал:

Нүктені салу. Бұл PutPixel (X, Y: integer: Color: word) процедурасымен орындалады.

X, Y – нүктенің экрандық координаталары.

Color - оның түсі. Color – дың мүмкін мәндері.

 

түс код түс код
Black - Қара Dark Gray -Қара қоңыр
Blue - Көк Light Blue - Анық көк
Green - Жасыл Light Green - Қанық жасыл
Cyan -жасылкөк Light Cyan -Қанық жасыл көк
Red - қызыл Light Red- қанық қызыл
Magenta - қызғылт Light Magenta - ашық қызғылт
Brown -қоңыр Yellow - сары
Light Gray- ашық қоңыр White - ақ

 

Сызық салу үшін – line, line to, lineRel процедурасы қолданылады.

Модуль дегеніміз – белгілі бір бағдармалау тілінде белгілі бір мақсаттарға арналған процедура мен функциялар жиынтығының үйлесімді бірігуі. Бағдарлама 3 модульден құралады. Олар;

1. Frozen – негізгі дискетаны дайындап, оны инсталяторға жазады. Оған қоса қорғаулы программаны да жазып алады.

2. Install – дискетаны тексереді. Бұл дискета шынымен де негізгі болатын болса, оны винчестерге жазады (Task) егер ол Ind модулімен сақталса.

3. Ind – алғашқы ашқанда, барлық сипаттамаларды сақтайды, ал келесі ашуларда алғашқысымен салыстырады.

Мысал:

Графикалық жүйеде жұмыс жасау үшін GRAPHмодулін іске қосу қажет: Uses graph;

Осыдан Бағдарламалаушы бұл модульдегі программалардың бәрін орындай алады. Алдымен, мүмкін болатын графикалық режимдердің барлығын тағайындайтын Init Graph процедурасы шақырылады.

Процедура пішімі:

Init Graph (Driver var, ModeVar, integer: Path To Driver: String);

драйвер режим мүмкіндік файл
CGA CGAC0,CGAHi 320x200 (640x200) CGA. BGI
EGA EGALo, EGAHi 640x200 (640x350) EGAVGA. BGI
VGA VGALo, VGAHi 640x200 (640x350) EGAVGA. BGI
Herc HERCMONOHi 720x348 HERC. BGI

 

Бірінші параметр драйвердің атымен де, цифрмен де (ол жанында жақша корсетілген) беріледі.

DriverVar := VGA DriverVar: = 9 эквиваленті

Егер дисплей параметрлерін білмейтін жағдайда болсандар, эквивалент орнына 0–ді жазу керек. Кейін ол өзі мүмкіндігінше керек параметрді табады.

Обьектілі–бағдарланған бағдарламалау - Құрауыштары ортақ, кең орта үшін қосымшаларды дайындауға бағытталған (Delphi, Java, VB).

Өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар:

Қазіргі заманғы бағдарламалау тілдері бойынша қысқаша баяндама жасаңыздар.

 

Лабораториялық жұмыс №11 (1 сағат)

Тақырыбы: «Visual Basic for Application (VBA) бағдарламалау тілінің негізгі элементтері»

Жұмыстың мақсаты:Тілдің алфавитімен және лексемасымен танысу, VBA тілінің элементтерін қарастыру

Тапсырма:

1. VBA бағдарламалау тілінің синтаксисі мен семантикасының негіздерін оқып-үйрену

2. Тілдің алфавиті мен лексемасын, айнымалыларды, тұрақтыларды, деректердің типтерін қарастыру

3. Мысалдар келтіру

4. Есеп беруді құру