Сурет 1.1. Ғылым мен технология негізгі саласы ретінде ақпараттық құрылым.

Информация (ақпарат) – термині латынның түсіндіруі, баяндау, білу деген ұғымдарды білдіретін information сөзіне шыққан, яғни істің жай күйі немесе біредің іс - әрекеті турады ақпарат, мәлімдеме немесе қандайда бір нәрсе туралы мәлімдер жиынтығы.

Ақпарат біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез келген керекті мәліметтің мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның негізінде белгілі ойға келеміз.

Ақпараттың түрлеріне мәтін, сурет, дыбыстық шынылар т.б. жатады. Ақпарат адамға сигнал арқылы беріледі.

Жалпы тұрғыдан алғанда, ақпарат - әртүрлі заттармен қоршаған жан–жануарлар дүниесінің таңбалар мен сигналдар түрінде берілген бейнесі болып саналады. Ақпарат алу дегеніміз – бізді қоршаған дүниенің құбылыстары мен объектілерінің қасиеттері, құрылымы немесе олардың бір–біріне қатысуы жөнінде нақты мәліметтер мен деректерді алу деген сөз.

Ақпараттық жүйені тиімді ұйымдастырып және оның күйін әділ бағалау үшін ақпаратты сандық әрі сапалық өлшеп отыру маңызды болып табылады. Ақпараттың сандық сипаттауышы параметрлері мәліметтер көлемін анықтаумен байланысты болады.

Ақпаратты өлшеу бірлігі ретінде 0,5 ықтималдығы бар оқиғада болатын оның саны табылған. Осылайша, ДК өндейтін мәліметтердің көп түрлілігі 0 және 1 сандарының элементарлы «кірпіштерінен» қаланады. Кез келген санды осы екі санның жиынтығы ретінде бейнелеуге болады, екілік есептеу жүйесінің саны бит деп аталады. Бит – табиғатта танымал ең кіші ақпарат бірлігі. Биттің белгіленуі - 0 және 1, оны балама ретінде түсіндіруге болады: «өшірілді-қосылды», «жоқ-иә», «жалған-ақиқат». Яғни бит – бұл екі тең ықтималды мәлімет беруін тануға негізделген ақпарат саны. Сегіз биттен тұратын жиынтықты компьютер бір бүтін ретінде қабылдайды. Биттердің осы комбинациясы байт деп аталады. Пернелік тақтаның әр бір символы 1 байтпен кодталады. Сондай–ақ туынды шамалар қолданылады:

1Кбайт=2 Байт =10240байт

1Мбайт=2Кбайт =1024Кбайт

1Гбайт=2Мбайт=1024Мбайт

Бағдарлану үшін, айталық, егер мәтін бетінде орташа, 2500 белгілер сыйса, онда 1 Мбайт – 400 бет, ал 1Гбайт – 400000 бет.

Ақпаратты іздеу, сақтау, беру, өңдеу және қолданумен байланысты үдерістер ақпараттық үдерістер деп аталады. Енді негізгі ақпараттық үдерістерге тоқталайық.

1. Іздеу. Ақпаратты іздеу – бұл сақталған ақпаратты алу. Ақпаратты іздеу әдістері:

· тікелей байқау;

· сізді қызықтыратын сұрақтар бойынша мамандармен байланысу;

· сәйкес әдебиетті оқу;

· бейне, телебағдарламаларды қарау;

· аудиокассеталарды, радиохабарларды тыңдау;

· кітапханалар және архивтерде жұмыс істеу;

· ақпараттық жүйелерге, компьютерлік деректер базасы және банкілерге сұраныс;

· басқа әдістер.

2. Жинау және сақтау.Ақпаратты жинау қара бастың қамы болып табылмайды. Алынған ақпарат көпретті қолданылуы үшін оны сақтау қажет.

Ақпаратты сақтау бұл кеңістік және уақыт ішінде ақпаратты тарату әдісі. Ақпаратты сақтау әдісі оны тасуыштан тәуелді (кітап-кітапхана, сурет-музей, фотосурет-альбом). ЭЕМ ақпаратты, оған тез кіру мүмкіндігімен тұтас сақтауға арналған.

Ақпараттық жүйе- бұл ақпаратты енгізу, іздеу, орналастыру және беру процедураларымен жабдықталған қойма. Осындай процедуралардың болуы–оларды ақпараттық материалдардың жәй жиналуынан айрықшалайтын, ақпараттық жүйелердің негізгі ерекшелігі. Мысалы, жеке кітапхана, онда тек оның иесі ғана хабардар бола алады.

3. Беру.Ақпаратты беру үдерісінде міндетті түрде ақпараттың шығу көзі және қабылдаушы қатысады: біріншісі ақпаратты береді, екіншісі қабылайды. Олардың арасында ақпаратты беру каналы әрекет етеді – байланыс каналы.

Байланыс каналы сигналды шығу көзінен қабылдаушыға беруді қамтамасыз ететін техникалық құрылғылар жиынтығы.

Кодтайтын құрылғы – шығу көзінің бастапқы мәліметін, беру үшін ыңғайлы түрге түрлендіруге арналған, құрылғы.

Кодты ашушы (декодер) құрылғы – кодталған мәліметті бастапқы түрге түрлендіруге арналған, құрылғы.

Адамзат қызметі әрқашан ақпаратты берумен байланысты. Беру үдерісінде ақпарат жоғалуы және бұзылуы мүмкін: телефондағы дыбыстың бұзылуы, радиодағы атмосфералық кедергілер, телебейнедегі бейнелердің бұзылуы немесе күңгірттенуі, телеграфтағы беру кезіндегі қателер. Осы кедергілер, немесе мамандардың айтуынша, шулар, ақпаратты бұзады. Бақытқа орай, ақпаратты қорғау әдістерін жасайтын ғылым бар - криптология.

 

 

Мәліметтерді беру каналдары өткізу қабылеттілігімен және кедергілерден қорғанумен сипатталады. Деректерді беру каналдары симплекстік (ақпаратты тек бір жақты берумен (телебейне)) және дуплекстік (ол бойынша ақпаратты екі бағытқа беруге болады (телефон, телеграф)) болып бөлінеді. Канал бойынша біруақытта бірнеше мәлімет беруге болады. Осы мәліметтердің әрқайсысы арнайы сүзгілер көмегімен ерекшеленеді. Мысалы, радиоканалдарда жасалатындай, берілетін мәліметтің жиілігі бойынша сүзгілеу. Каналдың өткізу қабылеті, кедергілер жоқ болғанда оған берілетін, таңбалардың максимальды санымен анықталады. Осы сипаттама каналдың физикалық қасиетінен тәуелді. Каналдардың кедергілерден қорғануын арттыру үшін, шулардың әсерін азайтатын, мәліметтерді берудің арнайы әдістері қолданылады. Мысалы, артық таңбалар енгізеді. Осы таңбалар мәліметтің нақты мазмұнын тасымалдамайды, бірақ алу кезінде мәліметтің дұрыстығын бақылау үшін қолданылады.