Сурет 11.3. Басқару тақтасы.

Form Editor (Формалар редакторы) аспаптар тақтасы формадағы басқару элементтерінің өлшемдерін өзгертуге, орындарын ауыстыру және түзету үшін қолданылады. Бұл аспаптар тақтасы Format (Формат) мәзірінің мүмкіндіктерін ұсынады.

Standard (Стандартты) аспаптар тақтасы басты аспаптар тақтасы болып табылады. Ол File (Файл), Project (Жоба), Debug (Отладка) и Run (Орындалу) мәзірлерінің бірқатар мүмкіндіктерін ұсынады.

Сол жақта элементтер тақтасы орналасқан. Оның құрамында бағдарлама құрылатын графикалық элементтер бар. Басқару элементтерінің сипаттамасы 3-кестеде көрсетілген.

 

11.1. кесте. Басқару элементтерінің тағайындалуы.

 

Элемент Сипаттамасы
Объектіні нұсқағыш   Аспаптар тақтасындағы ешбір объектіні құрмайтын жалғыз құрал. Ол өлшемдерді өзгертуге және форма элементтерінің қалпын өзгертуге қолданылады.
Суреті бар терезе Формаға сурет қосуға мүмкіндік береді.
Жазу Формада өзгертілмейтін мәтін орнатады.
Мәтін өрісі Қолданушы енгізіп, түзей алатын мәтін енгізеді.
Рамка Басқару элементтерінің графикалық немесе функционалдық топтамасын құрады. Топтаманы құру үшін алдымен оның рамкасын салып, содан кейін ішіне керекті объектілерді орнату керек.
Бұйрық батырмасы Басқан кезде бұйрық орындалатын батырма орнатады.
Тексеру жалаушасы   Қолданушы белгілей алатын ұяшық құрады («ақиқат» немесе «жалған» мән қабылдайды, сонымен қатар бірнеше нұсқаны таңдауға қолданылады.).
Қосқыш Бірнеше нұсқа ішінен біреуін таңдауға қолданылады.
Тізімі бар өріс   Тізім мен өрістен тұратын объект орнатады. Қолданушы керекті мәнді таңдайды, не оны өріске енгізе алады.
Тізім   Қолданушы таңдайтын элементтері бар тізім орнатады. Егер оның барлық элементтері көрінбесе, тізімді жылжытып көруге болады.
Көлденең жылжытқыш Көлденеңінен ұзын жол бойымен құжатты немесе тізімді жылжытып көруге арналған құрал орнатады.
Тік жылжытқыш Элементтердің ұзын тізімі бойымен тігінен жылжытып көруге арналған графикалық құрал орнатады.
Таймер Формаға жүйелік сағат элементін қосады.
Дисктер тізімі Формаға дискілер тізімін қосады.
Сызық Формаға сызық қосады.
Бейне Формада нүктелік сурет, белгіше немесе метафайл бейнелейді. Мұндағы суреттер декоративті болып табылады, сондықтан Picture Box қарағанда аз орын алады.
Деректер Деректер базасын қосуға мүмкіндік беретін элемент орнатады.
Каталогтар тізімі Каталогтарға жылдам қол жеткізуге арналған графикалық элемент құрады.
Файлдар тізімі Файлдарға жылдам қол жеткізуге арналған элемент құрады.

 

Элементтерді формаға орналастыра отырып, сіз бағдарламаның графикалық бөлігін құрайсыз. Бағдарламаның графикалық бөлігін қоданушының графикалық интерфейсі деп атайды.

Айнымалылар деп бағдарламаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді ќабылдай алатын шамаларды айтады. Айнымалылар ќарапайым және индексті болады. Олар идентификаторлармен белгіленіп, әрбір уаќытта белгілі бір мәнге ие бола алады. VB-те идентификаторларға ат ќою тәртібі дәл Бейсик тіліндегі сияќты.

Айнымалыларды Dim немесе Private ќызметші сөздері арќылы өзіне тән бір типпен процедураның басында сипаттап кетуге болады. Біраќ айнымалылардың соңғы меншіктелген мәндері процедура аяќталса да жадта саќталып ќалып, олардың мәндерін проектінің басќа процедураларында ќолдану үшін айнымалыларды код терезесінің бөлігінде сипаттаған ыңғайлы.

VB программасында бүтін сандардан тұратын айнымалыларды сипаттауда келесі берілгендер типтері ќолданылады:

1. Integer типі, егер айналымы мәндері -32768 жєне 32767 аралығында жатса.

2. Long типі, мәндері -2147483648 және 2147483647 аралығында жатса.

3. Byte типі мәндері 0-255 аралығында жатса.

4. Single типі, мәндері наќты сандар.

5. Double типі, мәндері екі есе дәлдікті наќты сандар

6. String типі, мәндері символдыќ шамалар.

7. Variant типі, мәндері әртүрлі аралас типтер.

8. Boolean типі, логикалыќ шамалар.

9. Currency типі, мәндері аќшалыќ

10. Date типі, күн-мезгілдік шамалар.

Бір процедурада ғана ќолданылатын ќарапайым индексі жоќ айнымалыларды сипаттамасы да болады.

VB процедураларында пайдаланылатын арифметикалыќ өрнектер, амалдар жєне стандартты функциялар Бейсик тіліндегідей жазылады:

+сандыќ шамаларды ќосу немесе конкатеннация амалы.

-алу амалы. *көбейту амалы.

/бөлу амалы. ^дєрежелеу амалы.

Sqr(x) – Х-тің квадрат түбірін шығаратын функция.

& (амперсанд) – текстерді біріктіруде – амалының орнына ќолданылады.

A mod B А-ны В-ға бөлгенде бүтін ќалдығын шығаратын амал.

A B – А-ны В-ға бөлгенде бүтін бөлігін шығаратын амал.

Int(x) – Х-тің өзінен аспайтын бүтін бөлігін шығару.

Fix(x) - Xтің бүтін бөлігін шығару.

Sgn(x) – Х-тің таңбасын аныќтау үшін ќолданылатын функция

Rnd (x) – кездейсоќ сандар шығаратын функция.

Abs(x) – х-тің модулі.

Sin(x) – Х-тің синусы.

Cos(x) – Х-тің косинусы.

Str(x) – Х сандыќ шамасын символдыќ шамаға айналдыру.

Val(x) – цифрлардан тұратын Х жолдыќ ќатарын сандыќ шамаға айналдыру.

Мысалы: Формада тышқанмен сурет салу мүмкіндігін беретін программа жасау қажет.

“Суретші” программасының орындалуы:

o Visual Basic ортасын ашып, жаңадан проект құрыңыз.

o Формаға келесі элементтерді орналастырыңыз және қасиеттерін өзгертіңіз:

 

Объект Қасиеті Мәні
Form Name Caption FrmDraw Суретші программасы
Command1 Name Caption cmdExit &Шығу

 

Келесі кодты жазу:

o cmdExit элементін екі рет шертіп, ашылған код терезесіне келесі процедураны енгізіңіз:

Private Sub CommandButton1_Click()

End

End Sub

o FrmDraw элементінің MouseDown оқиғасын екі рет шертіп, ашылған код терезесіне келесі процедураны енгізіңіз:

Private Sub frmDraw_MouseDown(Button As Integer, Shift As Integer, X As Single, Y As Single)

frmDraw.CurrentX=X

frmDraw.CurrentY=Y

End Sub

o FrmDraw элементінің MouseMove оқиғасын екі рет шертіп, ашылған код терезесіне келесі процедураны енгізіңіз:

Private Sub frmDraw_MouseMove(Button As Integer, Shift As Integer, X As Single, Y As Single)

If Button =1 then

Line (frmDraw.CurrentX, frmDraw.CurrentY)-(X,Y), QBColor(0)

End If

End Sub

 

Өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар:

 

1. VBA бағдарламалау тілінің синтаксисі мен семантикасының негіздерін оқып-үйрену

2. Тілдің алфавиті мен лексемасын, айнымалыларды, тұрақтыларды, деректердің типтерін қарастыру

3. Мысалдар келтіру

Лабораториялық жұмыс №12 (1 сағат)

Тақырыбы: «Операторлар, өрнектер, амалдар»

Жұмыстың мақсаты:Операторларды, өрнектер мен амалдарды оқып-үйрену

Тапсырма:

1. VBA-те меншіктеу операторларын қарастыру

2. Математикалық амалдарды, қатынастар амалдарын, логикалық амалдарды, жолдармен жұмыс істеуге арналған амалдарды оқып-үйрену

3. Өрнектерді қарастыру

4. Мысалдар келтіру

5. Есеп беруді құру