Теориялық мәлімет

Компьютер тапсырмасын шешуге арналған бағдарламалар жиынтығы бағдарламалық қамтамасыз ету деп аталады. Компьютердің бағдарламалық қамтамасыз етудің құрамы бағдарламалық конфигурация деп аталады. Бағдарламалық қамтамасыздандыру шартты түрде үш категорияға бөлуге болады:

- компьютерді жүйелік қамтамасыздандыру, әртүрлі қосымша функцияларды орындайды. Мысалы, қолданылып отырған ақпараттың көшірмесін жасау, компьютер туралы анықтамалық ақпарат беру, компьютердің құрылғысының жұмыс істеу қабілеттілігін тексеру, т.б.

- қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыру, компьютерде қажетті жұмысты орындауды қамтамасыз етеді: текстік құжаттарды редактілеу, сурет немесе картинканы тұрғызу, ақпараттық массивтерді өңдеу,т.б

- инструментті бағдарламалық қамтамасыздандыру, бағдарламалау тілінде компьютерге арналған жаңа бағдарламаны жасауды қамтамасыз етеді.

 

 

  Бағдарламалық қамтамасыздандыру  
       
Жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыру   Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыру   Инструментальды бағдарламалық қамтамасыздандыру
                   

• Операциялық жүйе • Қызмет бағдарламалар • Қабықша-бағдарламалар • Операционды қабықшалар • Техникалық қызмет көрсету жүйелері   • Қолданбалы бағдарламалар • Қолданбалы бағдарламалар пакеттері   • Жобалаудың дәстүрлі құралы • Жобалаудың визуальды құралы