Жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыру.

Бұл компьютерді нақты қолдануымен байланысты емес жалпы қолданыстағы бағдарламалар және дәстүрлі қызметтерді орындайды: тапсырмаларды басқару жоспарлау, енгізу-шығаруды басқару. Басқа сөзбен айтқанда жүйелік бағдарлама әртүрлі қосымша функцияларды орындайды.

Жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыруға жатады:

-операциялық жүйе (бұл бағдарлама компьютерді қосқанда жедел жады құрылғысында жүктеледі)

-қамтама-бағдарламалар (DOS командалы жол көмегімен салыстырғанда компьютермен ыңғайлы алмасу әдісі, мысалы, Norton Commander)

-операциялық қамтамалар – графикалық интерфейстер жасауға арналған интерфейсті жүйелер;

-драйверлер (қосымша құрылғылардың порттарын басқаруға арналған бағдарламалар, әдетте, компьютерді қосқанда жедел жадыда жүктеледі);

-утилиттер (қолданушыға қосымша қызметтер қатарын ұсынатын қосымша немесе қызметтік бағдарламалар)

Утилиттерге жатады:

- файлдар диспетчері немесе файл менеджерлер;

-мәліметтерді динамикалық нығыздау құралы (нығыздау арқылы дисктегі ақпараттар санын көбейтеді);

- көру және экранға шығару құралы;

-бақылау құралы, диагностика құралы, компьютер конфигурациясын бақылауды қамтамасыз етеді және компьютер құрылғысының жұмыс істеу қабілетін тексеру;

-коммуникация құралы, компьютерлер арасында ақпараттармен алмасуды ұйымдастыруға арналған.

- компьютерлің қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралы (резервті көшірме, антивирусты бағдарламалық қамтамасыздандыру).

Айта кететін жайт, утилит бір бөлігі операциялық жүйенің құрамына кіреді, ал екінші бөлігі автономды функцияланады. Бағдарламалық қамтамасыздандырудың көп бөлігі операциялық жүйенің құрамына кіреді. Бағдарламалық қамтамасыздандырудың жалпы бөлігі компьютердің өзінің құрамына кіреді. БҚ жалпы бөлігі автономды бағдарламаға жатады және жеке қарастырылады.