Файлдармен және бумалармен тиімді жұмыс істеу

Windows амалдық жүйесінде көптеген тапсырмаларды орындау файлдармен және бумалармен жұмыс істеуді қамтиды. Windows компьютерде файлдарды сақтау жүйесі ретінде картотека мазмұны сақталатын қағаз бумалар сияқты бумалар құрылымын пайдаланады.

Файл - бұл дискідегі не басқа ақпарат тасымалдаушыдағы аталған аумақ. Файлдарда бағдарламалар мәтіндері, құжаттар, орындалуға әзір бағдарламалар және басқа кез келген мәлімет сақталады.

Файл компьютерге бір мәліметтер жинағын екіншісінен ажырата алуға мүмкіндік беретін негізгі сақтау бірлігі болып табылады. Пайдаланушының файлға жиналған мәліметтерді шығарып алуға, оларды өзгертуге, жоюға, сақтауға, басып шығарғышқа немесе электронды пошта бағдарламасына жөнелтуге мүмкіндігі бар.

Бумалар дискідегі бағдарламалар мен құжаттарды реттестіру үшін қолданылады және файлдармен қатар, өзге бумаларды да қамти алады. Бумаларда түрлі файлдар - құжаттар, музыкалық клиптер, бейне, суреттер, бағдарламалар және т.б. сақталады.

Жаңа бумаларды жасауға, олардағы файлдарды жылжытуға, өзге бумалардан, компьютерлерден немесе Internet-тен файлдар көшіруге, буманың ішінде қосымша бума жасауға болады.

Ярлык (белгіше) - компьютердегі немесе желідегі қатынасуға болатын бағдарлама, файл, бума, диск, веб-беті, басып шығарғыш немесе өзге компьютер сияқты кез келген элементке сілтеме. Белгішелерды кез келген орынға, Жұмыс үстеліне, Іске қосу мәзіріне немесе нақты бір бумаларға орналастыруға болады.