Файлдардың аттары

Амалдық жүйе және басқа бағдарламалар файлдарға жүгіне алуы үшін, файлдардың белгіленуі болуы тиіс. Бұл белгілеу әдетте файлдың аты деп аталады.

Windows амалдық жүйелерінде файлдардың белгіленуі екі бөлімнен тұрады: аты және кеңейтілуі. Файлдың аты 1-ден 254-ке дейін таңбадан кұрала алады. Кеңейтілуі нүктеден басталады. Мысалы, Word бағдарламасы құжатының кеңейтілуі .doc, Excel бағдарламасы .xls, Access бағдарламасы .mdb, архивтер .arj, .rar, .zip, музыканыкі - .mpЗ, суреттікі - .gif, .jpeg болады.

Файлдардың аттарында мынадай таңбадарды қолдануға болады:

1.Латын әрпінің кішкентай және бас әріптерін.

2.Сандар мен таңбаларды.

3.Бос орынды.

4.@ # $%&()_+,; = [] таңбаларын және файл атында бірден көп нүкте болуы мүмкін.

Файл аттарында /:*?"<> ! таңбадарын пайдалануға болмайды. Файл аттарын жазу кезінде таңбалардың үлкен-кішілігі сақталады, бұл файлдар аттарын оқуды ыңғайлы етеді. Алайда, бір бума ішінде тек әріптердің үлкен-кішілігімен ғана ерекшеленетін аттары бар файлдардың болуына жол берілмейді. Мысалы, бір бумада Астанаға хат .doc және АСТАНАҒА ХАТ dос файлдары қатар сақтала алмайды. Файлдың аты 1-ден 254-ке дейін таңбадан құрала алады. Алайда 60-70-тен көп таңбадан тұратын аттарды қолданбаған дұрыс. Өте ұзын атты файлды көптеген бағдарламалар қабылдамай қоюы мүмкін. Сонымен қатар, дискілердің түбірлік каталогтарында ұзын аттарды қолдануға болмайды, түбірлік каталогтардың көлемі шектеулі.