Каталогтар бұтағы

Каталог - бұл файлдардың аттары, файл көлемі, олардың соңғы рет жаңартылған уақыты туралы мәліметтер, файлдардың атрибуттары сақталатын дискідегі арнаулы орын. Windows-та каталогтар бумалар деп те аталады.

Әрбір дискте бір басты немесе түпкілікті каталог болады. Онда файлдар және қосымша салынатын каталогтар (1-деңгейлі каталогтар) тіркеледі. 1-деңгейлі каталоггарда 2-деңгейлі каталогтар тіркеледі және с.с. Осылайша, дискте көп деңгейлі ағаш тәрізді каталогтар құрылымы қалыптасады.

Пайдаланушы дәл қазір жұмыс істеп отырған каталог ағымдағы каталог деп аталады.

Буманың сол жағындағы "+" таңбасы каталогтың ішінде қосымша каталогтар бар екендігін білдіреді. Олар дәл қазір көрініп тұрмаса да, ашық болуы мүмкін.

Буманың сол жағындағы "-" таңбасы каталогтың ішіндегі қосымша каталогтар дәл қазір көрініп тұрғандығын білдіреді.

Бағыттауыш бағдарламасы.

Бағыттауыш Windows-тың стандартты бағдарламаларына жатады. Ол компьютердегі файлдар, бумалар және дискілердің көп деңгейлі құрылымын көрсетеді. Онда, сондай-ақ қосылып тұрған желілік дискілер де көрініс табады. Windows бағыттауышінің көмегімен файлдарды көшіруге, жылжытуға және қайта атауға, сонымен қатар оларды іздеуге болады.