Сурет 15.1. Бағыттауыш бағдарламасы

 

Бағыттауышты ашу үшін Іске қосу батырмасын басып, Бағдарламалар -Стандартты - Бағыттауыш әмірлерін таңдаңыз.

Бағыттауыш терезесі Тақырып жолынан, Мәзір жолағынан, Құралдар үстелінен, Мекен жай жолағынан, Жұмыс аймағынан тұрады.

Бағыттауыш терезесінің жұмыс аймағы екі бөлікке бөлінген:

1)сол жақта - каталогтар бұтағы;

2)оң жақта - бумалар мазмұнын қарап шығу терезесі.

Бұндай орналасу файлдар мен бумаларды іздеу, көшіру немесе жылжыту барысын оңайлатады. Каталогтар бұтағында дәл осы сәтте Сіздің компьютеріңізге қосылып тұрған дискілердің барлығы, соның ішінде С: жергілікті дискі, 3,5 А дискі, желілік бумалар көрініс табады.

Құралдар үстелінде мына батырмалар орналасқан:

•«Артқа» - алдыңғы бетке жылжу;

•«Алға» - келесі бетке жылжу;

•«Жоғары» - 1 деңгейге жоғары;

•«Іздеу» - файлдар мен бумаларды іздеу терезесін шақыру;

•«Бума» - бағыттауыштың сол жақ бөлігін реттеу, Windows стандартты терезесі;

•«Көрініс» - ашылма тізім көмегімен файлдар мен бумаларды көрсету түрін өзгерту Мекен жай жолағы ағымдағы бумаға, мысалы, С: дискіне баратын жолды көрсетеді.