З компьютеріңде немесе жергілікті желіде бумалар мен файлдарды іздеу

Егер файлдың орналасқан орны белгісіз болса, бас мәзірдегі Іздеу әмірінің көмегімен немесе бума терезесінің Құралдар үстелінде ашылатын «Іздеудегі көмекші» құралын қолдану ұсынылады. Іздеуді Іске қосу үшін терезенің сол жақ үстеліндегі нұсқаулықтарды орындау керек. Іздеудегі көмекші іздеуді бір немесе бірнеше параметр бойынша жүргізуге, іздеу орнын (өз компьютеріңіздің тұрғылықты дискі немесе жергілікті желіге қосылған компьютерлер) таңдауға мүмкіндік береді.

Файлдың, буманың толық аты немесе атының бір бөлігі, кұжаттағы бір сөз не сөйлем, соңғы рет өзгерту енгізілген күні белгілі болған жағдайда іздеу жүргізуге болады. Егер файл немесе бума атының бір бөлігі ғана белгілі болса, онда атының құрамына осы бөлік кіретін барлық файлдар мен бумаларды іздеу үшін алмастырушы таңбаларды пайдаланыңыз. Мысалы, «*хат*» сұранысы бойынша іздеу нәтижесінде «Құттықтау хат.doc», «Арнайы хат.doc», «Арнайы хат.txt» файлдары табылады.

Жергілікті желіге қосылған компьютерден файлды табу үшін, Іздеудегі көмекшіде іздеу параметрлерін таңдау кезінде Қайдан іздеу керек өрісінде қажетті қор көзін тауып, таңдаңыз.

 

Бақылау сұрақтары мен өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар:

1. Амалдық жүйе дегеніміз не және ол қандай қызмет атқарады?

2. Қандай амалдық жүйелер түрін білесіз?

3. Тілдесу (интерфейс) дегеніміз не?

4. Windows амалдық жүйелерінің пайдаланушы интерфейсінің негізгі элементтерін атап өтіңіз?

5. Жұмыс үстелі деген не екенін және ол қандай құралдардан тұратынын атаңыз?

6. Бас мәзір қалай ашылады?

7. Жанама мәзір дегеніміз не?

8. Windows терезесі дегеніміз не және құрылымына сипаттама беріңіз?

9. Сұхбат терезе және олардың қосымшаларын атаңыз?

10. Құралдар үстелі дегеніміз не?

11. Мәзір жолағы дегеніміз не?

12. Терезе көлемін қалай өзгертеміз және қалай жылжытамыз?

13. Белсенді терезе дегеніміз не?

14. Қандай стандартты бағдарламаларды білесіз және қалай қосамыз?

15. Блокнот мәтіндік өңдеуішінің қызметтерін атап беріңіз?

16. Paint сызбалық өңдеушінің қызметтерін атап беріңіз?

17. Файл, бума, ярлык дегеніміз не?

18. Файлды қалай атауға болады?

19. Файлдың кеңейтілуі нені көрсетеді? Кеңейтілу түрлерін қарастырыңыз?

20. Бумалар не үшін қажет?

21. Бума аты файл аты немен ерекшеленеді?

22. Буманың мазмұнын қалай қарап шығуға болады?

23. Жаңа бума жасау жолдары

24. Жұмыс үстелінде қалай ярлык жасаймыз?

25. Буманың атын қалай өзгертеміз?

26. Бағыттауыш бағдарламасы қандай қызмет атқарады?

27. Бағыттауыш бағдарламасының сол және оң жағында қандай ақпарат көрініс табады?

28. Өз компьютеріңізде файлды өшіру жолдарын атаңыз?

29. Буманы не файлды дискетке қалай жылдам көшіруге болады?

30. Дискеттің мазмұнын қалай ашуға болады?

31. Қандай құрал компьютерде файлдарды жылдам іздеуге мүмкіндік береді?

32. Бас мәзірдегі Іздеу әмірі файлды қандай сипаттары бойынша іздеуге мүмкіндік береді?

33. Менің құжаттарым құралында Өз бумаңызды құрыңыз?

34. WordPad бағдарламасында өз өмірбаяныңызды теріңіз және құжатты Өз бумаңызға сақтаңыз?

35. Блокнот бағдарламасында өз тобыңыздағы құрбыңызға мінездеме құрыңыз және құжатты Өз бумаңызға сақтаңыз?

36. Өз бумаңыздағы құжаттарыңызды дискетке немесе басқада тасымалдаушыларға сақтаңыз?

 

Лабораториялық жұмыс №16 (1 сағат)

Тақырыбы: «Утилиттер»

Жұмыстың мақсаты:Утилиттерді, драйверлерді, архиваторларды қарастыру

Тапсырма:

1. Утилиттерді оқып-үйрену

2. Архиваторларды қолдана отырып, файлдардың сығуын жүргізу

3. Драйверлерді қарастыру

4. Есеп беруді құру