Теориялық мәлімет

Утилиттер– бұл мамандандырылған бағдарлама. Ол қызмет етуге, ықшамдауға жүйе жұмыстарына, бағдарламалар - көмекшілерге , шешуші мақсатқа арналған бағдарлама. Утилиттер операциялық жүйе атқара алмайтын жұмыстарды атқарады. Утилиттердің көпшілігі файлдық жүйе және дискілер үшін қызмет етуге арналған және де утилиттер архивтерді басқаруы үшін қолданылады, ал арнайы вирусқа қарсы бағдарламалар компьютерлік вирустің жүйе қорғанышын қамсыздандырады.

Утилиттер (утилиты; utility program) - операциялық жүйенің мүмкіндіктерін кеңейтетін қосалқы бағдарламалар: файлдарды басқаратын, компьютер туралы мәлімет беретін бағдарламалар, құрылғылардың дұрыс жұмыс істеуін тексеру, жиі ұшырасатын жұмыс екпінін бәсеңдететін мәселелерді шешу, оларды аластау, компьютердің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, дискідегі мәліметтерді динамикалық түрде қысу, архивтеу, дискілерді ықшамдау және т.б. программалар. Кең тараған утилиттерге Norton utilities, PC Tools жатады, олар каталогтар мен файлдарды басқару, кездейсоқ жойылған файлдарды қалпына келтіру, вирустан сақтану, компьютер туралы мәлімет алу, дискідегі файлдардың біртұтастығын сақтау, файлдарды парольмен қорғау тәрізді әрекеттерді орындайды.

Қазіргі уақытта көптеген утилиттердің түрлері бар (Microsoft PLUS 98, Norton Utilities, Nuts and Bolts), және де көптеген арнайы утилиттер (Anti Viral Toolkit Pro, First Aid (Cubermedia), Power Strip (Etitech), SciTech Display,Win Boots (Magellas Corp т.б.).

Утилиттердің кейбіреуіне тоқтала кетелік:

· бақылау, тестілеу және диагностика программалары – компьютер құрылғыларының жұмыс істеуінің дұрыс – дұрыс еместігін тексеру және оны пайдалану процесінде пайда болатын ақауларды табу үшін пайдалынады; ақаулардың себебін және орнын көрсетеді.

· драйвер-программалар – оперативті жадты, енгізу-шығару құрылғыларын және т.б. басқару бойынша операциялық жүйенің мүмкіндіктерін кеңейтеді; драйверлердің көмегімен компютерге жаңа құрылғыларды қосуға немесе қосылғандарды басқаша пайдалануға мүмкіндік береді.

· буып-түюші программалар (архиваторлар) информацияларды магнитті тасымалдаушыларда тығыздап жазуға мүмкіндік береді және бірнеше файлдардың көшірмесін біріктіріп бір архивті файлға жазуға мүмкіндік береді.

· антивирустық программалар – компьютерлік вирустарды жұқтырып алудан сақтандырады және вирустар жұққан жағдайда оның салдарын құртады.

Компьютерлік вирус деп қандай-да бір зиянды әрекеттерді орындау үшін өзін басқа программаларға “енгізіп” – файлдарды бұзуға, оперативті жадты бүлдіруге және т.б. арналған, арнайы жазылған шағын ғана программаларды айтады.

· дискілік кеңістіктің сапасын тиімділеу және тексеру программалары;

· информацияларды қалпына келтіретін, форматтайтын, мәліметтерді қорғайтын программалар;

· коммуникациялық программалар – компьютерлер арасында информациялар алмасу үшін арналған программалар;

· жадты басқаруға арналған программалар оперативті жадты икемді пайдалануға арналған;

· CD-ROM,CD-R–лерді жазуға арналған программалар және көптеген басқа программалар.

Утилиттердің кейбіреулері операциялық жүйе құрамына кірсе, кейбіреулері өз бетінше жұмыс істейді.

Драйвер – компьютерді құрал-жабдықтармен және құрылғылармен байланысын қамтамасыз ететін бағдарлама. Драйверлерді бағдарламамен қамтамасыз етпесе қосылып тұрған құрылғылардың дұрыс жұмыс істеуі мүмкін емес, мысалы бейнетақта немесе баспа.

Драйвер – «үлкен» компьютерді сыртқы құрылғылармен байланысын қамтамасыз ететін утилит. Драйвердің міндеті компьютердің мен операциялық жүйедеге арнайыланған командаларды білгілі бір құрылғының әмбебап командалары етіп айналдыру.

Әр сандық құрылғы өзіндік командалар жинағы арқылы басқарылады. Бірдей үлгідегі қағазды баспаға шығарса да Epson принтерлерінің командалары Canon принтерлерінің командаралынан бөлек болады. Барлық құрылғылармен оның командаларын «білетін» операциялық жүйені құру мүмкін емес. Оның орнына ДК операциялық жүйесі мен құрылғы, тіпті сыртқы құрылғылар арасындағы аралық жұмысшы ретінде драйверлер бағдарламалары қолданылады.

Сыртқы және интегралданған драйверлер

Ережеге сәйкес команиялар құрылғылармен бірге олардың дайверлерін де шығарады. Құрылғылар драйверлері көбінесе CD жазылады. Сонымен қатар, драйверлерді Интернеттен корпоративті сайттардан да көшіріп алуға болады.

Оған қоса Windows операциялық жүйесіндегі көптеген құрылғылармен компьютер базасынының жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз ететін интегралданған драйверлер де бар.

Сондықтан мысалға, тышқанды компьютерге қосқан сәттер бастап ол өз жұмысын бастайды, оған драйверді орнату қажет емес. Бірақ интегралданған драйверлерді орнатуды қажет етпейтін кейбір жағдайлар бар:

1. ДК мен оның операциялық жүйесінен кейін шығарылған құрылғыға Windows ХР бірннеше жыл қолданылып келеді. Сондықтан осы типтес көптеген операциялық жүйелер ескірді, ал құрылғылар драйверлер болса оның құрамында жоқ. Кері жағдай да көптеп кездеседі: жаңа операциялық жүйенің ескірген құрылғыларға арналған драйверлері жоқ. Оған мысал Windows Vista. өкініштісі көптеген өндірушілер жаңа операциялық жүйелер құрамында ескірген құрылғыларға арналған драйверлерді орнату қажет деп санамайды. Ондай жағдайда Windows ХР-де жазылған драйверді қолдануға болады. Егер бұл нұсқа да жұмыс істемесе онда пайдалаланушыға екінің бірін таңдауға тура келеді: ескі құрылғысы не жаңа операциялық жүйе.

2. Құрылғы Windows деректер базасына кірмейтін аз танымал немесе «экзотикалық» өндірушімен шығарылған.

3. Windows-тың интегралданған драйвері дұрыс жұмыс істеймейді немесе компьютер мүмкіндіктерін толығымен қолдануға мүмкіндік бермейді. Фирмалық драйверлер құрылғының көптеген мүмкіндіктерін қолануға рұқсат береді: тышқанның жалжитын батырмасына қосымша міндеттерді хабарлап «іліп» қоюға, принтер картриджіндегі бояу мөлшерін көрсетуге, монитордағы сурет өзгретілімдерін өзгертуге.

Драйверлерді жаңарту

Драйверлерде қателіктер болуы мүмкін кез-келген компьютерлік бағдарламалар сияқты, сол себепті құрылғылардың дұрыс жұмыс істемеуіне әкеп соқтырады. Құрал-жабдықтарды шығаратын кәсіпорындарда жедел оралып қателіктерімен жіберілетіні жиі кездеседі. Сондықтан корпоративті сайттарда кәсіпорын драйверлерінің жаңа түрі көптеп кездеседі, онда бұрығы жіберілген қателіктерсіз олардың қызмет ету уақыттары да кеңейтілген. төменгі құрылғылардың драйверлері жиі жаңартуды қажет етеді:

1. Графикалық карта. Әрбір жаңа өнім құрамында компьютер жұмысы өнімділігін арттыратын, жаңа ойындарды оқитын элементті амтиды. Оған қоса, бейнекарталарға арналған жаңа драйверлер жаңа грфикалық эффектілер қосуға мүмкіндік береді.

2. Принтерлер. Драйверлерді құрылғы ақаулықтармен жұмыс істеген сайын жаңалай керек: мысалға, Windows жүйесі түрлі түсті принтерді монохромды принтер ретінде таныса және сапа шығарушы айтқандай болмаса. Драйверді жаңарту арқылы баспа жылдамдығым үлкейтуге болады.

3. Дыбыстық карталар. Егер дыбыспен келеңсіздіктер туса (шертулер дыбысы, дыбыс шуы және жоғалауы) онда оны драйверді жаңарту арқылы жөндеу көп жағдайда дұрыс болады. Оған қоса, драйверді жаңарту дыбыстық картаға жаңа мүмкіндіктер сыйға береді, мысалға, жаңа дыбыс форматын оқуға.

Жаңа шыққан драйверлерді қайдан алуға болады?

Құрылғылар драйверлерінің жаңа нұсқаларын олардың рәсімделген сайттарынан алуға болады. Онда жаңа дайверлерге енгізілген қасиеттер туралы жазылады. Сондықтан драйвердй жаңарту алдында оның функцияары сіздің құрылғыңызға жаңа мүмпкіндіктер береме дегенді анықтап алу қажет.

Драйверді жазып алмас бұрын оның сіздің құрылғыңызға арналғандығына көз жеткізіңіз. Кері жағдайда бағдарламалық қамсыздандыру дұрыс жұмыс істемейді. Егер құрылғы моделі сізге белгісіз болса, онда оның эсуплуатациясы туралы жетекшілікке хабарлысыңыз. Мысалы, EVEREST. Бұл утилит ДК орнатылған барлық құрылғылар туралы ақпаратты шығарады.

Сонымен қатар ол драйвердің мәні мен басқа да міңездемелерін шығарады.

1. қолданылатын операциялық жүйе. Драйверді сіздің ДК орнатылған операциялық жүйеге сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз: Windows 98, ХР немесе Vista. Vista-ны қолданушылар ОЖ-ге байланысты 64 биттік жіне 32 биттік драйверлердің бірін таңдай керек.

2. тілі. Көбінесе драйверлер жиынында олар басқару утилиттерімен бірге болады. Бұл бағдарламадағы қолданушы интерфейсі ағылшын, орыс ждәне басқа да тілдерде жазылуы мүмкін.

3. драйвер статусы. өндіруші сайтында, драйвердің соңғы нұсқалары жаныңда оның бета – нұсақалары болады. Бұл драйверлер әлі барлық міндеттер тестісінен өтпеген, сондықтан оны тәуекелдеп қолдануға болады: олар орнықты жұмыс істемейді. Олардың кесірінен компьютерге еш зиян болмайды.

4. Орнату алгоритмі. Көп жағдайда компьютерге құрылғы қосылғаннан кейін компьютер «девайс» белгісін береді де сізден құрылғы драйвері жазылған дискні сұрайды. Бірақ басқа да тәсілдерді де қолдануға болады. Мысалға, кейде драйверді орнатуға арналаған файлы құрылғыны қоспас бұрын орындауды сұрауы мүмкін. Айта кететін жайт, драйверді жаңартудың да өзіндік алгоритмі болуы да мүмкін.

Драйверді орнату.

Фирмалық драйверлер орындалатын файл түрінде қойылады. Файлды көшіріп алғаннан соң ДК –дегі барлық қолданудағы ұсыныстарды жауып, тышқанның сол жағы екі рет шерту арқылы оны қосыңыз. Осы дан кейін монитордағы нұсқаулар бойынша әрекет жасаңыз. Көбінесе орнату аяқталғаннан кейін компьютерді қайтадан жүктеуге тура келеді.

Драйверді орнату кезінде Windows бұл драйвер Microsoft-та тестілеуден өткізілмеген деп ақырын жұмыс істеуі мүмкін. Бұл драйверді қолдануға болмайды дегенді білдірмейді. Драйвердің соншалықты жаңалығы оның әлі де сертификациядан өтпегендігіне немесе өндіруші ақшасын үнемдеу үшінг тіркемеген (тіркеу ақылы түрде).

Драйверлерді қалпына келтіру және жаңарту. Егер құрылғы ойдағыдай жұмыс істемесе немесе орнатылған бағдарлама драйверді жаңартуды сұраса онда оны Windows Жаңарту Орталығы арқылы жаңартуға болады. Егер техникалық құптау қызметі дискіден не web-бөлімнен орнатуды талап етсе, оны қолмен орнатуғңа да болады.

Драйверді Windows Жаңарту Орталығы арқылы жаңарту.

1. Windows Жаңарту Орталығын ашыңыз. Егер сұраса администратор кодын енгізіңіз.

2. сол жақтан Жаңартуды түзету-ді таңданыз.

3. драйвердің жаңартуында қолдануға мүмкіндері болса, Просмотр дступных обнавлений-ді басыңыз. Windows Жаңарту Орталығы компьютерде орнатылған жаңартуға мүмкіндердің барлығын тізіп шығады.

4. жаңарту болса орнатылған драйверді шертіп орнатыңыз. Егер сұраса администратор кодын енгізіңіз.

Драйверді қолдан жаңарту.

Бұл әркеттерді орындау үшін администратор құқығы арқылы жүйеге кіру керек.

1. Диспечер устоиств-қа кіріп егер пароль сұраса еңгізіп, ОК басыңыз.

2. Диспечер устоиств-тан жаңартуға қажет құрылғыны таңдап оны екі рет шертіңіз.

3. Драйвер топтамасында Жаңарту батырмасын басыңыз.

Қол қойылған драйвер деген не?

Қол қойылған драйвер – құрылғы драйверінің сандық қолы (таңбасы) бар бағдарлама. Сандық қол (таңба) – бағдарламалық қамсыздандыру шығарушысы мен драйверлік пакеттің алғашқы құрамының қорғанысының электрондық белгісі. Егер драйвер шағрушы сертификатталған қолымен анықталса онда оны ешқандай өзгертуге түспеген деп білуге болады.

Windows келесі белгілердің бірін береді: драйверге қол қойылмаған, шағарушы қолы орталықпен сертификатталмаған не драйвер шағарудан кейін өзгертілген.

Егер Windows берілген драйвердің шығарушысын ексере алмайды деген ақпарат шықса онда драйвердің сандық қолы жоқ, не ол орталықпен бекітілмеген. Тек дайындаушы дискісінен алынған не жүйелік драйверлерді пайдаланыңыз.

Егер Windows берілген драйверді орната алмаса.

Windowsтың 64 разрядты нұсқалары қол қойылмаған не қол қойылғаннан кейін өзгертілген драйверлерді орнатпайды.

Егер драйверді орнату барысында айтылған хабарламалар пайда болса, шығарушы қолын алу үшін қолданушының веб-бұрышына хабарласыңыз.

Архивтеу – алдын-ала сығу жолымен файлдардың көшірмесін дискіде немесе дискетада магнитті таспада сақтау. Ақпаратты архивтеу үшін «Мәліметтерді архивтеу, қалпына келтіру, файлдарды салыстыруға арналған ішкі беттерден тұратын Backup терезесі ашылады. Бұл бағдарлама сонымен қатар ақпараттың резервті көшірмесін құру мен қатарбұрын көшіріліп қойған ақпараттарды қалпына келтіру мақсатында да қолданылады.

Файлдың немесе буманы дискетке көшіру үшін, ол алдын ала ақпарат жазуға дайындалған, яғни форматталған болуы керек. Пайдаланып жүрген дискетті немес дискіні қайта форматтау кезінде онда бұрын сақталған ақпараттар жойылып кететінін есте сақтаған жөн. Дискетті форматтау үшін қажетті дискіні таңдап, белгілеп алғаннан соң меню жолынан Файл-Форматтау жолын немесе тышқанның оң жақ батырмасы арқылы Форматтау командасын таңдау қажет.

 

Өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар:

 

1. Дискілермен жұмыс істеуге арналған бағдарламалармен танысу.

2. С дискісін дефрагментациялау терезесінің құрылымын және оның орындалу барысымен таныса отырып талдау жұмыстарын жүргізу.

3. Дискетті форматтау үшін қажетті бағдарламаның жұмысымен танысу:

а) Форматтау барысында орындалған әрекеттерді талдау,

б) Форматтау тәсілдері қатарында нелер көрсетілген және сен қай бөлімді таңдадың,себебі неде?

4. Дискеттегі мәліметтерді архивтеу жұмысын жүргізу.

5. Бірнеше файлдарды және папкаларды таңдап мәлімет жинақтауыштарға көшіру жұмысын орындау (мәлімет жинақтауыш құрылғыларына нелер жатады?)

 

Бақылау сұрақтары:

 

1. Дискілермен қандай жұмыс істеуге болады?

2. Жалпы диск дегеніміз не, ол қандай мақсатпен қолданылады?

3. Дефрагментациялау дегенді қалай түсінесің?

4. Операциялық жүйенің мүмкіндіктерін кеңейтетін қосалқы бағдарламаларды басқаша қалай атайды?

5. Антивирус не үшін қолданылады, қандай түрлерін білесің?

6. Дискіні дефрагментациялау программасын іске асыру үшіін қандай әрекеттер орындаймыз?

7. Мәліметтерді архивтеу не үшін қолданылады?

8. Дискетті форматтаудың қажеттілігін айтып бер.

Лабораториялық жұмыс №17 (1 сағат)

Тақырыбы: «Word мәтіндік редакторы»

Жұмыстың мақсаты:мәтін параметрлерін редакциялау, форматтау және өзгерту дағдыларын меңгеру

Тапсырма:

1. Word-ты іске қосу

2. Құжатты құру және мәтінді баспаға шығару. Құжатты сақтау

3. Параметрлерді, шрифті, абзацты өзгерту

4. Стиль мен шаблондарды форматтау

5. Тізімдерді құру. Тақырыпшаларды нөмірлеу

6. Есеп беруді құру