Сурет 17.1. Word бағдарламасының терезесі

Тақырып жолағы - онда терезені басқару батырмалары және құжаттың атауы орналасады.

Мәзір жолағы. Мәзірдің әрбір тармағы бір типтес әмірлер тобынан құралады:

Стандартты кұралдар үстелі - Жаңа, Сақтау, Ашу, Басып шығару, Көшіру, Қою сияқты негізгі стандартты әмірлерді қамтиды.

 

Пішімдеу құралдар үстелі -мәтін үшін талап етілетін параметрлерді және оның құжаттағы орнын (туралауды) белгілеуге арналған.

Сызғыш- құжаттың өрістерін және өрістерден шегінуді белгілеуге мүмкіндік береді. Көлденең сызғыш құжаттың оң жактағы және сол жақтағы өрістері мен шегіністерін белгілейді. Тіксызғыш үстіңгі және төменгі өрістерді белгілейді. Шегініске мысал:

Тапсырмалар аймағы- пайдаланушы таңдауы бойынша орындала алатын құжаттың ағымдағы тапсырмаларын көрсетеді.

Айналдыру сызығы- құжат ішінде қозғалып жүруге мүмкіндік береді.

Күй жолағы- құжаттың ағымдағы бетінің нөмірін, бөлім нөмірін, беттер санын және т.б. көрсетеді.

Әдепкіде құжат бет сызбасы режімінде көрініс табады, бұл жағдайда мәтінді беттерге бөлу автоматты түрде жүргізіледі. Біз құжат режімін мәзір жолағының Көрініс тармағындағы әмірлердің бірін таңдап өзгерте аламыз: Қалыпты - бет үзілімі жіңішке үзік сызықпен көрінеді немесе Толық бейне бетке бұл ретте құжат толық бейне бетте көрінеді.