Жаттарды әзірлеу тәсілдері

Microsoft Word ашық терезесінде жаңа құжат жасау үшін мына әрекеттердің бірін орындау қажет:

1.Стандартты құралдар үстеліндегі Жаңа батырмасын шерту.

2.Пернетақтада <Ctrl>+ <N> пернелер тіркесімін басу.

3.Файлмәзірінің Жаңа әмірін орындау, содан кейін оң жақта пайда болған Құжатты құру үстеліндегі Құру бөлімінде Бос құжат дегенді басу. Осыдан кейін жүмыс істеуге дайын бос Word құжаты ашылады. Бағдарлама құжатқа Құжат1 деп атау береді, бірақ Сіз құжатты сақтау кезінде оған бірегей атау таңдауыңызға болады.

Соңғы аталған тәсіл дайын үлгілерді қолдануға да мүмкіндік береді. Үлгі - бұл басқа құжаттарды жасау кезінде қолданылатын арнайы құжат. Word жинағында недәуір жиі қолданылатын құжат түрлеріне: түйінхаттар, есептемелер, күнтізбелер және т.б. арналған бірнеше дайын үлгі бар. Үлгілерді қолдану қалыпталған құжаттарды әзірлеуді біршама оңайлатады, бұнда Сіз жай ғанаұсынылған деректерді алмастыра аласыз (17.2.-сурет).