Сурет 17.2. Құжаттар үлгілері

 

Ашық тұрған Word бағдарламасында бұрыннан бар құжатты атау үшін мына тәсілдердің бірін қолдану керек:Файлмәзірінен Ашу әмірін таңдаңыз немесе пернетақтада <Ctrl>+<О> пернелер тіркесімін басыныз, бейне бетте Ашу сұхбат терезесі пайда болады.

Өзіңізге қажетті файлды екі рет шертіп көрсетініңіз. Егер ол файл жұмыс өрісінде жоқ болса, дәл осы сұхбат терезесін пайдаланып, оны басқа қалтадан, не дискіден іздеп көріңіз.

Ағымдағы құжатты сақтау үшін Файлмәзірінен Сақтау әмірін таңдаңыз немесе пернетақтада <Ctrl>+<S> пернелерін бірге басыңыз, егер Сіз құжатты алғаш рет сақтағалы отырсаңыз, бағдарлама Басқаша сақтау сұхбат терезесін ашады.

Осы сұхбат терезесін пайдаланып, файлға атау беріп, файлды сақтайтын орынды көрсетіңіз. Файлдың атауы мен сақтау орны Сіздің талаптарыңызға сай келетініне көз жеткізіп алып, Сақтау батырмасын шертіңіз. Кейіннен осы құжатпен жұмыс істеу барысында Стандартты кұралдар үстеліндегі Сақтау батырмасын жиірек басып отырған дұрыс.

 

Word бағдарламасы құжатын дискетке немесе флеш-картаға жазып алу үшін Файлмәзірінде Басқаша сақтау әмірін таңдау керек. Ашылған сұхбат терезесінде файлды сақтайтын орын тауып. Сақтау батырмасын басыңыз.

Word бағдарламасында әзірленген құжаттардың кеңейтілуі .dос болады.