Бақылау мысалы.

Өңдеуге 100 жолдан тұратын құжат келіп түсті, оның әрбір жолы экономикалық мәліметті көрсетеді және келесі реквизиттерден тұрады:

Кәсіпорын коды – 9(5)

Кәсіпорын атауы– А(30)

Өлшем бірлігі – Х(5)

Өндірілген өнім көлемі– 9(6)

Өндірілген өнім көлемі, ақшалық өрнек түрінде, теңге – 9(9)

Шешуі:

1. Бір жол үшін ақпарат көлемін есептейміз:

5+30+5+6+9=55 байт

55*8=440 бит (1 байт=8 бит)

55:1024=0,05 Кбайт (1 Кбайт=1024 байт)

2. Барлық құжат үшін ақпарат көлемін есептейміз (құжатта 100 жол бар):

55*100=5500 байт

5500*8=44000 бит

5500:1024=5, 48 Кбайт

Өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар:

1. Кәсіпорындарда, қоғамдық тамақтануда шикізат пен ыдыс қозғалысын есептеу үшін келесі мағыналы реквизиттер қолданылады: кәсіпорын – 18 таңба, құжат нөмірі - 5, операция коды – 4, өнім алушы құрылымдық бөлімше коды – 6, өнім сомасы – 12, нан, дәмдеуіш және тұз сомасы – 8, ыдыс сомасы – 5, бағасын жеңілдету сомасы – 4.

2. Несиеге берілген тауарлар үшін есеп айырулар есебі бойынша ақпаратты компьютерлік өңдеуде келесі мағыналы реквизиттер қолданылады: саны - 2, айы – 9, магазин – 6, операция түрі – 3, міндеттеме – тапсырма 5, (қарыз немесе төлем) сомасы – 7, айлық жарна айы – 9, соңғы төлем мерзімі, айы –3. Өңделетін бастапқы ақпараттың айлық көлемі 25000 құжат – жолдан тұрады. Ақпараттың айлық көлемін табу керек.

3. Тауар қозғалысының аналитикалық синтетикалық есебінің сомалық өрнегінде ақпаратты компьютерлік өңдеуде келесі мәнді реквизитер қолданылады: сан-18. ай-5, дүкен-8, қойма-7, операция түрі-5, құжат номері-5, сумма-7, дебет бойынша есеп-шот-6, кредит бойынша есеп-шот-7. Бір ай ішінде өңделетін ақпарат 15000 құжат жолын құрайды. Ақпарат көлемін анықтау керек.

4. Құжаттардың айлық көлемі 2000 дананы құрайды. Құжат 5 құжат жолдан тұрады. Оны толтыру кезінде 3 реквизит, тұрақты кезде бір құжат орташа алғанда 3 таңбадан құралады және 4 реквизит өзінің мәніне сәйкес 4 таңбадан тұрады. Ақпарат көлемін анықтау керек.

5. Құжаттардың айлық көлемі 8000 дананы құрайды. Құжат 8 құжат жолдан тұрады. Оны толтыру кезінде 6 реквизит қолданылады. Тұрақты кезде бір құжат орташа алғанда 7 таңбадан құралады және 4 реквизит әрбір құжат жолында шамамен 9 таңбадан құралады. Ақпараттың айлық көлемін табу керек.

6. Мекемеде есептеу-жоспарлау жұмысын зерттеу процесінде мыналар бекітілген: дайын бұйымдарды қоймаға тапсыруды рәсімдеу үшін келесі мәнді реквизиттер қолданылады: құжат аты, құжат номері-6 белгі, оны шығару датасы-8, алушы қойма-4, операция түрі-3, жіберуші цех-6, бұйым кім арқылы алынған –12, өлшем бірлігі –2, жіберілгендер саны-7, қабылдап алғандар саны-9, көтерме баға-8. Ақпарат көлемін анықтау керек.

7. Көтерме сату базасында тауарларды сандық-суммалық тіркеу кезінде реквизиттер келесі деректермен сипатталады: құжат номері-8, сан-3, қойма номері-4, операция түрі-5, сатып алушы немесе жабдықтаушы коды-8, бағасы-7, сумма-10. Құжат 20 жолдан тұрады. Ақпарат көлемін анықтаңыз.

8. Кіріс-шығыс тауар құжаты келесі реквизиттерден тұрады: жабдықтаушы-5, счет-фактура номері-6, дата-7, келісім номері-1, қойма-3, материалды жауапты адам-5, тауар коды-8, өлшем бірлік коды-2, баға-8, саны-10, сумма-20. Құжат 15 жолдан құралған. Ақпарат көлемін анықтау керек.

9. Жұмыскерге еңбек ақысын төлеу үшін келесі реквизиттер қолданылады: жұмыскер разряды-1, төлем түрі-4, участок номері-3, жұмыскердің табельдік номері-7, еңбек ақы суммасы-9, жұмысшы мамандығы-5, ай-3, жұмысшы категориясы-2. Құжат жолы-25. Ақпарат көлемін анықтау керек.

10.Түскен өнімді тіркеу үшін келесі реквизиттер қолданылады: ай-5, баланстық счет-6, кәсіпорын коды –3, операция коды-7, тауарды алу айы мен жылы-5, номенклатуралық номер-10, саны-7, бағасы-3, суммасы-8. Өңделетін айлық ақпараттық құжат 2000 жолдан құралады. Ақпарат көлемін анықтау керек.

11.Кіріс-шығыс тауар құжаты келесі реквизиттерден тұрады: жабдықтаушы-8, счет-фактура номері-4, дата-7, келісім номері-6, қойма-2, материалды жауапты адам-5, тауар коды-8, өлшем бірлік коды-2, баға-8, саны-5, сумма-45. Құжат 5 жолдан құралған. Ақпарат көлемін анықтау керек.

12.Құжаттардың айлық көлемі 5000 дананы құрайды. Құжат 4 құжат жолдан тұрады. Оны толтыру кезінде 3 реквизит қолданылады. Тұрақты кезде бір құжат орташа алғанда 5 таңбадан құралады және 4 реквизит әрбір құжат жолында шамамен 3 таңбадан құралады. Ақпараттың айлық көлемін табу керек.

13.Тауардың аналитикалық синтетикалық қозғалысын тіркеу кезінде ақпаратты компьютерлік өңдеуде келесі мәнді реквизитер қолданылады: сан-15. ай-3, дүкен-6, қойма-2, операция түрі-3, құжат номері-5, сумма-3, дебет бойынша есеп-шот-2, кредит бойынша есеп-шот-4. Бір ай ішінде өңделетін ақпарат 9000 құжат жолын құрайды. Ақпарат көлемін анықтау керек.

14.Көтерме сату базасында тауарларды сандық-суммалық тіркеу кезінде реквизиттер келесі деректермен сипатталады: құжат номері-4, сан-1, қойма номері-3, операция түрі-6, сатып алушы немесе жабдықтаушы коды-10, бағасы-9, сумма-12. Құжат 20 жолдан тұрады. Ақпарат көлемін анықтаңыз.

15.Түскен өнімді тіркеу үшін келесі реквизиттер қолданылады: ай-8, баланстық счет-2, кәсіпорын коды –7, операция коды-3, тауарды алу айы мен жылы-5, номенклатуралық номер-15, саны-3, бағасы-4, суммасы-9. Өңделетін айлық ақпараттық құжат 200 жолдан құралады. Ақпарат көлемін анықтау керек.

Бақылау сұрақтары:

 

1. Сөздікпен жұмыс істеген кезде сіз қандай ақпаратты іздеуді жүзеге асырасыз: орфографиялық, түсініктемелік, энциклопедиялық?

2. Өз жұмысында Шерлок Холмс ақпаратты іздеу үшін қандай әдістерді қолданғанын айтыңыз?

3. Нақты математикалық немесе физикалық есептердің шешімін іздеу ақпаратты іздеу болып табылама?

4. Сіз іздеу процедураңызды әрекеттер тізбегі түрінде сипаттаңыз.

5. Ақпаратты іздеудің эвристикалық әдісі деген не?

6. Адамдар көп жыл бұрын өмір сүрген арғы аталарының өмірі туралы қалай біледі?

7. Фотопленкада ақпарат қалай сақталады? Осы ақпарат қандай түрде көрсетілген?

8. Табиғатта және қоғамда ақпаратты беру мысалдарын келтіріңіз.

9. Тарихтан және әдебиеттен, ақпаратты беру кезінде әдейілеп бұзу мысалдарын келтіріңіз. Ол неге әкеліп соқты?

Лабораториялық жұмыс №2 (1 сағат)

Тақырыбы: «Буль алгебрасы. Логикалық амалдар»

Жұмыстың мақсаты: Дискреттік математиканың негіздерін қарастыру (функциялар, қатынастар, жиынтықтар, логика негіздері, графтар мен ағаштар)

Тапсырма:

1. Жиынтықтардың функциялары мен қатынастарын оқып-меңгеру

2. Логика негіздерімен (булева алгебрасымен), ойды білдіру логикасымен, логикалық байланыстармен, ақиқат кестесімен танысу

3. Логикалық амалдарды жүргізу. Формулаларды және олардың түрленулерін қарастыру

4. Есеп беруді құру