Сурет 17.10. Жиектер және бояу сұхбат терезесі

 

3.Қажетті параметрлерді таңдаңыз.

4.Тек жекелеген шеттер үшін жиектер белгілеу үшін Стиль тобында Басқа әмірін таңдаңыз. Үлгі терезесінде сүлбаның қажетті шеттерін шертіңіз немесе жиектерді белгілеу және жоюға арналған батырмаларды пайдаланыңыз.

5. Абзац жиегінін мәтінге қатысты нақты орналасуын белгілеу үшін Қолдану тізімінен Абзац тармағын таңдаңыз, содан кейін қажетті параметрлерді белгілеңіз. Бетке жиектер үстеу үшін мына әрекеттерді орындау қажет:

1.Пішім мәзірінде Жиектер және бояу әмірін таңдаңыз, содан кейін Бет қосымшасын ашыңыз (17.11. сурет).

2.Көркем жиек, мысалы жұлдызшалардан құралған, белгілеу үшін Сурет өрісінен қажетті суретті таңдаңыз.

3.Стиль тобынан жиек стилін таңдаңыз. Беттін тек кейбір шеттеріне, мысалы үстіңгі жағына ғана, жиек белгілеу үшін Стиль тобынан Басқа параметрін таңдаңыз. Үлгі өрісінде бет кескінін жиек орналасуы тиіс тұста шертіңіз.

4.Жиегі бар жекелеген бетті немесе бөлімді анықтау үшін Қолдану тізімінен қажетті параметрді таңдаңыз.

5.Жиектің беттегі нақты орналасуын анықтау үшін Параметрлер батырмасын шертіңіз, содан кейін қажетті параметрді шертіңіз.