Ехсеl терезесіне шолу

Місrоsoft Ехсеl – Місrоsоft Оffiсе дестесінің электрондық кестелерді әзірлеуге және өңдеуге арналған қолданбалы бағдарламасы. Электрондық кестенің басты артықшылығы – кез келген операнд мәні өзгерген кезде өрнектік тәуелділік арқылы байланысқан барлық деректерді қайта есептеу мүмкіндігі.

Місrоsoft Ехсеl-дің колданылу аясы өте кең.Ехсеl терезесі дайын кесте болып табылатындығының арқасында ол көбінесе қандай да бір есептеулері жоқ, жай кесте түрінде ғана көрінетін құжаттар (кестелер, прайс-беттері, т.б.) жасау үшін қолданылады.

Ехсеl-де сызбалар мен диаграммалардың алуан түрлерін оңай жасауға болады (спортпен айналыса бастаған уақыттан бергі дене салмағаның азаю сызбасы, мал басы санының өсу диаграммасы, т.б.).

Ехсеl-ді қарапайым пайдаланушылар элементар есептеулер жүргізу үшін қолдана алады (отбасы бюджеті, ақшалай қаражаттың кірісі мен шығысы).

Ехсеl-де көптеген математикалық және статистикалық жетелер болуы арқасында оны мектеп оқушылары мен студенттер курстық және зертханалық жумыстар есептерін шығару үшін пайдалана алады.

Ехсеl бухгалтерияда қарқынды қолданылады - көптеген фирмаларда бұл құжаттар мен есептерді рәсімдеудің, диаграммалар жасаудың негізгі құралы. Онда бұл үшін қажетті жетелердің барлығы бар.

Ехсеl бағдарламасын Місrоsoft Windows-тың кез келген басқа бағдарламаларын қосу үшін қолданылатын тәсілдерінің бірімен іске қосуға болады. Кеңінен тараған амалдардың бірі – Бастау мәзірінен Барлық бағдарламалартармағын және Місrоsoft Ехсеlтармағын таңдау. Орнатылған Місrоsоft Оffiсе дестесінің нұсқасына қарай, бұл тәсіл мынадай ретпен де орындалуы мүмкін: Бастау Бағдарламалар - Місrоsоft Оffiсе — Місrоsoft Ехсеlнемесе Бастау Бағдарламалар — Місrоsoft Ехсеl.

Тағы бір тәсіл – Бастау мәзірінде Жегутармағын таңдап, ашылған терезеде Ехсеlдеп жазып, Жарайды батырмасын басу.

Үшінші тәсіл – Жұмыс үстеліндегі бос орынды тышқанның оң жақ батырмасымен шертіп, мәтінмәндік мәзірден Жаңа – Місrоsoft Ехсеl парағы әмірін таңдау. Сонда .хls деген кеңейтілуі бар бос файл жасалады, оны екі рет шертіп, іске қосамыз.

Сондай-ақ, егер жұмыс үстелінде немесе жылдам Іске қосу үстелінде лақап бар болса, соны шертуге де болады.

Ехсеl құжаты «хls» кеңейтіміне ие және Кітап деп аталады. Кітап парақтардан тұрады. Үнсіз келісім бойынша олар үшеу етіп жасалады. Парақтар арасында терезенің төменгі жағындағы «Парақ1» және т.с.с. сілтемелерді пайдаланып ауысып жүруге болады.

Терезенің негізгі элементтері (18.1. сурет):

Тақырып жолағы – бұл құжаттың атауы және терезені басқару батырмалары .

Бас мәзір. Әрбір тармағы бір типтес әмірлер тобынан тұрады:

Стандартты құралдар үстеліЖаңа, Сақтау, Ашу, Басып шығару, Қиып алу, Көшіру, Қою сияқты: құжатпен жұмыс істеуге арналған негізгі стандартты батырмаларды қамтиды.

 

Пішімдеу құралдар үстелі– мәтіннің қажетті параметрлерін және оның құжатта орналасатын орнын (туралауды) белгілеуге арналған: