Сурет 18.1. Excel бағдарламасының терезесі.

 

· Айналдыру сызығы– құжат ішінде қозғалуға (құжаттың түрлі бөліктерін қарап шығу үшін) мүмкіндік береді.

· Алдын ала қарап алу - бұл файлды басып шығарылатын күйінде қарап шығу.

Әдепкіде әрбір Ехсеl кітабындағы парақтар Парақ1, Парақ2 және ПарақЗ деп аталады. Кітапқа ерекше атау беру оның не туралы екенін есте сақтап қалуға көмектесетіні сияқты, парақтың атауын өзгерту де оның мазмұнын есіңізге салады.

Парақты қайта атау үшін Парақ1 қосымшасын екі рет шертіңіз. Парақ1 мәтіні ерекшеленеді. Жаңа атау, мысалы Кіріс деп енгізіңіз де, Епterпернесін басыңыз. Қосымшада Кіріс атауы пайда болады.

Ашық тұрған Місrоsoft Ехсеl қосымшасында жаңа құжат жасау үшін мына әрекеттердің бірін орындау қажет:

· Стандартты құралдар үстелінде Жаңа батырмасын шерту;

· Ctrl+N пернелер тіркесімін басу;

· Файл мәзірінің - Жаңа, содан кейін Жаңа бөлімінде оңжақта қалқып шығтын үстелде Таза кітап әмірін орындау (18.2. сурет).