Кестені өздігінен біртекті деректермен толтыру

Қатар – логикалық тізбек құрайтын ұяшықтар тізбегі. Ехсеl-де Өзтолтыру жетесінің көмегімен сандар, күндер және т.б. қатарларын жасауға болады.

Деректер қатарын енгізу үшін ұяшыққа қатардың бірінші элементіненгізіп, Еnter пернесін басыңыз немесе өрнектер жолындағы Енгізу батырмасын шертіңіз. Белсенді ұяшық жақтауының оң жақ төменгі бұрышында Өзтолтыру байрақшасы (кішкене қара тік төртбұрыш) орналасқан. Тышқан нұсқағышын осы басқарушы элементке қойып, тышқанның сол жақ батырмасын басып ұстап отырып, қажетті ұяшықтар ауқымын бөлектеп алыңыз.

 

 

Қатарға кіретін ұяшықтардың барлығы сұр түсті жақтаумен қоршалады, ал ауқымның соңғы ұяшығындағы мән сары тік төртбұрышта көрініс табады (18.8.сурет).

Тышқан батырмасын жібере салып, қатар жасауды аяқтаңыз (18.9. сурет).