Сурет 18.9. Қатар жасауды аяқтау.

Сондай-ақ, Прогрессия жетесінің көмегімен, мынадай әрекеттер ретін орындап та, біртекті деректер қатарын жасауға болады:

1. Ұяшыққа бірінші элементті енгізіңіз.

2. Қатардың бір бөлігі болатын ұяшықтардың барлығын, біріншісін қоса ерекшелеп алыңыз.

3. Өңдеу- Толтыру- Прогрессия мәзірін таңдаңыз.

4. Пайда болған Прогрессиясұхбат терезесінде Өзтолтыруды таңдаңыз (18.10. сурет).

5. Жарайды батырмасын шертіп, қатар жасауды аяқтаңыз.