Диаграммаларды құрастыру

Диаграммалар - бұл деректерді сызбалық түрде ұсыну амалы. Диаграмманы бетке кірістіруге немесе жеке бетте орналастыруға болады.

Диаграммалар жасау үшін Диаграммалар шебері пайдаланылады. Диаграммалар шебері орындаған әрбір қадам барысында пайдаланушы диаграмма қандай күйде екенін көріп отырады. Кез келген сатыда артқа қайта оралып, істелген әрекетті болдырмай тастауға болады. Жұмыс аяқталған кезде экранда диаграмма пайда болады. Оның көрінісін көптеген батырмалар және пішімдеу әмірлерінің көмегімен өзгертуге болады.

Диаграммалар шеберін қолдану кезінде мынадай әрекеттерді орындаңыз:

1. Диаграммаға кірістіру қажет деректерді бөлектеп алыңыз.

2. Кірістіру - Диаграммамәзірін таңцаңыз немесе Стандартты құралдар үстеліндегі Диаграммалар шебері батырмасын шертіңіз.

3. Шебердің бірінші қадамында диаграмма түрін және оның көрінісін таңдап алыңыз. Келесі дегенді шертіңіз.

4. Екінші қадамда деректер көзінің ауқымын өзгертуге болады.

5. Жұмыстың үшінші қадамында диаграмма параметрлерін баптауға болады.

6. Төртінші қадамда диаграмманы орналастыру орнын таңдап, Дайын дегенді шертесіз.

Диаграмма параметрлерін өзгерту үшін 18.22. суретте көрсетілген Диаграммалар құралдар үстелі пайдаланылады.