Рнектерді пайдалану және қарапайым есептеулер

Місrоsoft Ехсеl бағдарламасы қарапайым есептеулерді оңай орындауға мүмкіндік береді. Алу, қосу, көбейту және бөлу амалдарынан басқа, бұл бағдарлама мәндер жинағының орташа арифметикалық мәні мен жалпы қосындысын есептеп шығара алады. Негізгі арифметикалық амалдар көмегімен кірістер мен шығыстарды біле отырып, түскен пайда шамасын немесе қызметкер қанша сағат жұмыс істегенін және бір сағатқа қанша төленетінін біле отырып, оның еңбекақысын және т.б. есептеуге болады.

Өрнек - бұл Ехсеl бағдарламасы орындайтын жазылған есептеулер. Сіз ұяшыққа өрнекті енгізген кезде бағдарлама оны есте сақтап қалады, бірақ ұяшықтың өзінде есептеу нәтижесі ғана көрініс табады.

Ехсеl бағдарламасында өрнектердің барлығы «=» теңдік таңбасынан басталады.

Өрнекті көру үшін осы өрнек орналасқан ұяшықты шерту керек. Өрнек өрнектер жолағында көрініс табады. Өрнекті енгізу аяқталған кезде ұяшықта оның өзі емес, осы өрнек бойынша жүргізілген есептеу нәтижесі көрінеді.

Ехсеl бағдарламасындағы өрнектерді өңдеуге болады. Мысалы, өрнектегі қатені түзету үшін өрнекті шертіп, өрнектер жолағында түзетулер енгізү керек.

Ехсеl-де өрнектерді есептеу кезінде амалдар мынадай ретпен орындалады:

1. Жақша ішіндегі өрнектер

2. Теріс таңба (мысалы: -2)

3. Дәрежеге шығару (^ таңбасы, мысалы: З^2=9)

4. Процентті есептеу (% таңбасы)

5. Көбейту (* таңбасы) немесе бөлу (/ таңбасы) (мысалы: 10*2/5 = 4)

6. Қосу (+ таңбасы ) немесе алу (- таңбасы)

«А1 ұяшығындағы деректі В1 ұяшығындағы дерекке бөлу» өрнегі Ехсеl бағдарламасында былайша көрініс табады: А1/В1.

6(С4+Ғ3):2 өрнегі электрондық кестеде 6*((С4+ҒЗ)/2) түрінде көрінеді.

Өрнекті пернетақтадан енгізу:

1. Өрнекті кірістіру қажет ұяшықты белсенді етіңіз;

2. «=» таңбасын қойып, өрнекті енгізіңіз (мысалы: =В4*С4) (19.1. сурет). Енгізу барысында өрнек екі орында: ағымдағы ұяшықта және өрнектер жолағында көрініс табады;

3. Деректерді енгізгеннен кейін Enter пернесін немесе өрнектер жолағындағы Енгізу батырмасын басыңыз.